Түркістан облысының он шақты ауылы Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының жарылуы себебінен су астында қалды. Адам шығын жоқ. Қазақстан Үкіметі мен Өзбекстан басшылығы бірігіп, апаттан зардап шеккен мақтааралдықтарға көмек көрсетуде. Тілсіз жаудың салдарынан мыңдаған адам баспанасыз қалды. Қазір мемлекет тарапынан және кәсіпкерлер тарапынан бөлінген қаражатқа Мырзакент қаласының жанынан жаңа үй соғу процесі басталды.
ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин мен Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов бүгін құрылыс алаңына барып, жаңа баспаналардың іргетасын қалауға қатысты.
Басып шығару