Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин алдымен Тоғыз ауылдық округтегі 120 орынға арналған №7 жалпы орта мектептің ашылу шарасына қатысты. Құрылыс жұмыстары 2018 жылдың мамыр айында басталған болатын. Облыс әкімі мектеп ішін аралап көрді. «Сонымен қатар Шалқар қаласындағы М.Шыманұлы ауылында 60 орындық Сарықамыс негізгі орта мектебі ел игілігіне берілді. Құрылысы 2017 жылы басталған білім ошағы жаңа оқу жылына сақадай сай. Заман талабына сай салынған мектепте спорт залы, асхана, кітапхана бар», -деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. Өңір басшысы екі мектептің ашылуына орай, қажетті құралдар алуға қаржылай сыйлық табыс етті. Айшуақ ауылдық округі Бегімбет ауылында мәдениет үйі қолданысқа берілді. 120 орынға арналған нысанның құрылысы өткен жылы басталған болатын. Мәдени ошақ жергілікті тұрғындардың ұлттық өнермен сусындауына, талантты жастардың талабын шыңдауға мүмкіндік бермек.
Басып шығару