Mazir
05 фев 11:05korilim:1 312 Onir tynysy / Қоғам

Әкімнің бетіне тіке қарап «сен – мәңгүртсің» деген белсенді кім?


Атырау облысының Исатай ауданының әкімі Марат Мұрзиевтің халыққа қорытынды есеп беру жиынында ауыл белсендісінің мінбеге көтеріліп, ауыр сөздер айтқаны видеоға түсіп қалған. Бұл видео әлеуметтік желідегі «трендті» тақырыптардың көшін бастап тұр. 

Сағатбай Қапизов есімді Нарынның тұрғыны әкім назарына бірқатар мәселелерді айта келіп, мемлекеттік тілді білмегені үшін сөгіп тастады. 

«Біз қамысты өртеуіміз керек. Одан кейін көк құрақ шығады. Балапан, жан-жануар аман қалады. Мен саған айттым, бірақ түсінбедің. Сенің мәңгүрт екеніңді осыдан білдім... Себебі мынадай жерде жылқы ұстауға болмайды. Экология бүлініп жатыр. Маусымдық шөпті жеп қояды. Бір кемпір екі бұзаулы сиырын асырай алмай отыр. Каналға су айдағанның мәні жоқ. Жылқыны тау жаққа айдау керек. Экологияны «катастрофаға» ұшыратамыз. Ертең ауру осы қамыстан шығады. Осыны айтсам, түсінбейсіңдер. Ноғаев кетті, құлақтан теуіп. Сен келгенде айттым: Алаштың азаматының бөтендігі жоқ, қош келдің елге. Дұрыс жұмыс жаса. Бірақ сен қазақша білмейсің, мәңгүртсің», - деді ол.

Әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды: бір легі мінбеде сөйлеген белсендіні жақтаса, екінші бір топ басшыға қарата бұлай сөйлеу әдепсіздік деп таныды. 

Әзірге аталмыш жайтқа қатысты құзырлы орган немесе жергілікті әкімшілік тарапынан ешқандай ресми мәлімдеме жасалған жоқ. 




Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15