Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы бірқатар инсфраструктуралық нысандар мен тұрғын үй кешендерінің жұмыс сапасын тексерді.
Басқармадағылар Наурызбай ауданындағы көп пәтерлі тұрғын үй кешендерінің құрылысына, Абай даңғылындағы өзгерістер мен Әшімов көшесіндегі аспалы жолдың құрылысына ат басын бұрған.
Тапсырыс берушілер, алушылар, басқарма мүшелері және тағы басқа өкілетті кісілер «Шұғыла» ықшам ауданында салынып жатқан «Alma City» тұрғын үй кешенінің, «Тимус Construction» ЖШС қарамағындағы жаңа ауданның құрылысымен танысты.
Жұмыс барысында басқарма басшылары бірқатар тапсырмалар беріп, құрылыс сапасын арттыратын кеңестерін айтты.
Басып шығару