«Nur Otan» партиясының баспасөз қызметі «Тарихта осы күні» айдарымен әлеуметтік желілерде халық сайлаған елдің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ант берген тарихи дата – 1991 жылғы 10 желтоқсан күніне арналған бейнеролик жариялады.
– Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміздің мемлекеттік шекаралары нақты белгіленді. Қоғамда бейбітшілік пен келісімнің бірегей үлгісі – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Қазақстан қуаты жағынан әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан бас тартты, – делінген бейнероликте.
Партияның баспасөз қызметі Қазақстан халқын келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, жетістіктерімен бөлісті.
Басып шығару