Mazir
22 сен 09:17korilim:622 Onir tynysy / Adebiet

Ақберен Елгезек: «Айтарымды айттым, енді бұл тақырыпқа оралмаймын»


Белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек дарынды жазушы Аягүл Мантайдың мезгілсіз қазасына қатысты «Одақ жөнді көңіл айтпады», «жәрдемдесуге жарамады», «Одаққа мүшелікке алынбаған» деген сыңайдағы бірнеше сұрақты топтастыра отырып жауап берді. Ақын жазбаны өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады. 
«Үндемей-ақ жүр едім, жазбасыма болмады, 
айтпасыма қоймады. 
I.
Кейінгі кезде Аягүл Мантаеваның өліміне қатысты Қазақстан Жазушылар одағы мен жеке маған кінә тағушылар көбейіп кетті. Аягүлдің туған-туыстары мен жақын құрбыларының қайғысын жақсы түсінемін және тағы да қайғыра көңіл айтамын. Жалғыз ол кісілер емес, Аяштың қазасына күллі қазақ күңіреніп, аза тұтты. Оның ішінде Аягүлдің көзін көріп, араласқан біз де бармыз. Аягүлдің қазасына жазған қазанама постыма да кейбір адамдардың көңілі толмапты. Егер сізге менің жазған постым соншалық «ауыр тисе» ол үшін ғафу өтінем. Бірақ, кез келген мәтінді әртүрлі көңіл-күймен, керек десеңіз, түрлі интоннациямен оқуға болатынын көзі қарақты адам түсінеді деп ойлаймын. Ары қарай. Жазушылар Одағы неге Аягүлдің көзі тірісінде көмектеспеді, неге елемеді деген сыңайда көптеген пікір оқыдық. Қырқы өткенше аруақтың атын шулатпайық дедік. Енді сіздер де біздің айтар ойымызға назар салыңыз. 
Бірінші айып: Жазушылар одағы Аягүлдің қазасына көңіл айтуға жарамады-мыс.
Жауап: Аягүл қайтыс болғанда Жазушылар одағына қарасты сол аптадағы «Қазақ әдебиеті» газеті көңіл айту берген болатын (2-ші суретті қараңыз). Одан бөлек өзім құрып, жүргізіп отырған Ұлт порталының атынан да көңіл айту берілді (3-ші суретті қараңыз). Менің өтінішім бойынша Жазушылар одағының белді қызметкері Қайырниса апай Аягүлдің сіңілісіне хабарласып, бізден қандай көмек деп сұрағанда, ештеңе қажет емес деген жауап алды. Біз қолымыздан келгенше ақша құрап (одақтың есебінен емес) туған-туысына азғантай болса да көмек көрсетпек ниетте едік. Алайда жауап әлгіндей болды.
Екінші айып: Аягүлге Жазушылар Одағы көмектеспеді, жұмысқа алмады, әлеуметтік жағдайына бей-жай қарады деген әңгіме.
Жауап: Біріншіден, Аягүл Жазушылар одағына, оның Төрағасы Ұлықбек Есдәулет ағамызға немесе маған тікелей шығып: “жағдайым қиын, маған көмектесіңіздер!” деп өтініш жасамаған еді. Екіншіден, Одақтың мүшелерінің өзіне біздің ұйым тікелей материалды-қаржылық көмек бере алмайды. Себебі түсінікті шығар. Жазушылар одағы өз күшімен қалт-құлт етіп, жұмыс істеп келе жатқан көп үкіметтік емес ұйымдардың бірі ғана. Тарихи атағы зор болғанмен, қазіргі жағдайы ондай мәз емес. Пандемия кезінде тіпті титықтап қалдық. Қаншама қызметкерлерімізді ақысыз демалысқа жіберуге мәжбүр болдық. Олардың көбісі әлі күнге дейін жұмыссыз үйінде отыр. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауының арқасында ғана газет-журналдарымыз (“Қазақ әдебиеті” газеті, “Жұлдыз” және “Простор” журналдары) үздіксіз шығып келеді. Сондықтан, әр қаламгерге ақша үлестіріп я басқаша көмек беруге бәз біреулер ойлағандай бізде ондай қауқар жоқ. Есесіне, Алматы қаласының, Ақтөбе облысының әкімдіктеріне шығып, осынау қиын шақта Жазушылар одағының мүшелеріне әкім гранттарын беруге ұсыныс жасағанбыз. Аталған әкімдіктер көмектесті, қалғандары әлі қарастыруда. Алдын ала айта кетейін: Аягүл Жазушылар одағының мүшелігіне Түркістан облысынан қабылданатын жастардың тізімінде тұрған. Алайда, әрі пандемияның кесірінен әрі Түркістан облысы әкімдігінің жергілікті қаламгерлердің жиынын өткіземіз деген жауабын күтумен уақыт өтіп кетті. Біз әлі де Түркістан облысында (Нұр-Сұлтанда, Талдықорғанда, Ақтөбеде, Павлодарда, Таразда, Шымкентте, Өскеменде, Қарағандыда өткен болатын) жаңа мүшелерді қабылдау рәсімін өткізу үшін өңір басшылығының жауабын күтіп отырмыз.
Үшінші айып: Қазақстан жазушылар одағы Аягүлдің талантын байқамады, елемеді деген әңгіме.
Жауап: Аягүл - таланты ерте танылған қаламгер. Соның арқасында кезінде Ұлықбек Есдәулет ағамыз оны “Қазақ әдебиетіне” жұмысқа алған болатын. Кейін Мәскеуге оқуға барам деп Аягүл өзі газетімізден кетіп қалды. Ұлыағаң Аягүлді өзі ұсынып, “Серпер” сыйлығын (бұрынғы әйгілі Комсомол сыйлығының мұрагер премиясы) алуына дауыс беріп жәрдемдескен еді. Одан бөлек Ұлықбек аға Аягүлден өзгеде де әдеби-рухани қолдау-көмегін аяған емес. Мәселен, Ұлықбек аға Аягүлдің “Гауһар” атты  әңгімесін түрік тіліне аудартып, Анкарада шығатұғын “Кардаш каламгерлер” журналына түріктің жазушысы, осы басылымның редакторы, қазақтың үлкен досы Якуб Омероғлы мырзаға айтып жүріп, жариялап берген. Оған марқұм Аяш балаша қуанып, рахметін де айтқан. Маған Ұлыағаңның өзі “осы Аягүл жақсы көретін қарындастарымның бірі” деп талай айтқан болатын. Ұлықбек ағаның Аягүлге жасаған қамқорлығына риза болған қазақтың классик жазушысы Дулат Исабектің өзі қоңырау шалып: “қарындасыма жасап жүрген жақсылықтарыңа көп рахмет”деп алғыс айтқан кездері де болған. Бұған Құдай да, көзі тірі ағаларымыз да куә. Ұлықбек аға Аягүлдің қазасына баршамыз сияқты қатты қайғырды. Сол күндері Аягүлдің барлық шығармаларын жинақтап, бір кітап қып шығару керек деп қазақтың аяулы ақыны Қасымхан Бегманов ағамызға өтініш жасады. Ол кісі бірден елең етіп, Аягүлдің кітабын “Дәстүр” баспасынан шығарып беруге уәде берді. Алайда, марқұмның қолжазбалары тергеуде жатқандықтан ол шаруа әзірге тоқтап тұр. Бірақ, болашақта бұл дүние іске асады деп сенеміз. Жағдайдың осындай да осындай деректерін зерттеп-білмей жатып, “Аягүлдің талантын ешкім елеген жоқ! Аягүлге ешкім көмектескен жоқ! Анадан садаға кет, мынадан садаға кет!” деп айту дұрыс па, дұрыс емес пе, өзіңіз шешіңіз, ағайын?!
Төртінші айып: Аягүлдің жаназасына, кейін қырқына Жазушылар одағынан ешкім барған жоқ деген әңгіме. 
Жауап: біріншіден, біз барған күннің өзінде бәрібір марқұмның жаназасына үлгірмес едік. Оның үстіне қазіргі карантин жағдайында өз денсаулығын қатерге тігіп барудың өзі қаншалықты ақылға сыятын іс?! Ешкімге сен барасың деп біз тапсырма бере алмаймыз. Қазір кез келген қазада өте шектеулі адам қатысатынын бәрі біледі. Сондықтан бұл айып негізсіз деп білемін. Аягүлдің қырқына Түркістан облысы бойынша филиалымыздың директоры Әлібек Шегебайға қатысшы деп өтініш айтқан едік, ол Алматыдамын деп өз кезегінде Шымкенттегі жазушы ағамыз Момбек Әбдәкімұлына өтініш жасады. Момбек ағамыз келісім берген еді, таңда жолға шыққалы тұрғанда ауырып тұрғанын сезіп, тоқтағанды жөн көріпті. Ол кісіге еш реніш жоқ. Жағдайдың түрі мынау. Басқа қаламгерге біздің өкіліміз ретінде Аягүлдің қырқына қатысып, анасына, туған-туысына көңіл айтып барыңыз деп айтуға мүмкіндігіміз болмады. 
Пандемия басталған 1,5 жылдың ішінде Жазушылар одағының 60-қа жуық мүшелері шейіт болды. Олардың ішінде небір ұлы ақын-жазушыларымыз, қимас асыл қаламгерлеріміз бар. Бәрінің атын атап, түрін түстеудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Баршаңыз оны көріп-біліп отырсыздар. Солардың Алматыдағы қайтыс болғандардың барлығының жаназасына шама-шарқымыз келгенше Төрағаның өзі, әр орынбасары, хатшыларымыз бен бас редакторларымыз қатысып бақты. Өңірлерде қайтқан азаматтарға аяғымыз жетпеді, ол жерлерге үлгіргенінше филиал басшылары қатысуға тырысты. Атың өшкір Ковидтен қайтқан көптеген қаламгерлерімізді жерлеуге көмектескенімізбен, жаназасына қатысуға рұқсат берілмеді. Қаншама ұлы тұлғаларымыздан қапыда көз жазып қалдық. Түсінген адамға бұл үлкен ұлттық трагедия! Біздің қызмет етіп жатқан шағымызда осындай зобалаңның болып жатқаны Ұлыағаңнан бастап, күллі Одақ қызметкерлеріне оңайға түсіп жатқан жоқ! Қажығали, Қабдеш, Аманхан, Есенғали, Жәркен, Несіпбек Дәуітәлі және тағы басқа ағаларымыздың қазасының өзі есеңгіретіп, теңселтіп жіберді бізді. Ол кісілердің ауырып жатқандағы және соңғы сапарға аттандырудағы міндетті жұмысымыздың қандай болғанын бізден өзге ешкім білмейді. Ол біздің парызымыз. Сол парызды қолымыздан келгенше атқардық. Енді өлім-жітім осымен тоқтасын деп тілеумен жүрміз.
II. 
Енді менің жеке басыма қатысты айтылып жатқан кей пікірлерге тоқтала кетейін. 
Бірінші айып: Аягүл мені ақын ретінде мойындамаған екен. Оны менің бетіме де айтыпты деген пікірлерді көзім шалып қалды. Ол рас әңгіме. Бетіме айтқаны да рас (бұл жерде мен: қарындасым мінезді еді, мен сол кезде оның маңдайынан сипап, еркелетіп  едім деп әулиесінбей-ақ қояйын). Онда тұрған ештеңе жоқ. Әркімнің өзінің дербес әдеби-көркем талғамы болады. Әдебиетте “сен нашарсың”, “мен ұлымын” дейтұғын пікірталастар болып тұрады. Ол қалыпты нәрсе. Ондай сөзді Аягүлдің өзі де аз естімеген болар. Оған бола ол жазуын тастап, әдебиетті тәрк етіп кеткен жоқ қой. Әркімнің өз оқырманы бар. Ұнатқандар - оқиды, ұнатпаса - кітабыңды жаба салады. Проблема жоқ! Соған қарамастан, мен Ұлт порталына Аягүлдің өзі жіберіп отырған “Соқыр сана”, “Бөтен”, “Қарғыс”, “Уақыттың көз жасы”, “Жүрекке оралу” сияқты әңгіме-новеллаларын көзінің тірісінде үздіксіз жариялап тұрдым (скриншоттарға назар аударыңыз). Оған ол өз кезегінде риза болған да. Ақталып та, міндетсіп те отырғам жоқ. Бірақ факттің аты факт. 
Екінші айып: Мен Аягүлдің өліміне бей-жай қарап жүр екем. Аяштың өліміне Жазушылар одағының қызметкері ретінде қалай бей-жай қарамағандығымды жоғарыда айтып өттім. Қайталаудың қажеті жоқ.
Үшінші айып: Өлімнің қандай болатынын мен байғұс жақын адамдарымнан айырылғанда ғана бір-ақ біледі екем🤦‍♂️. Қарғысқа ұқсас осындай сөздерді оқығанда адамның төбе шашы тік тұрады! Айналайындарым-ай, мен өлімнің қандай болатынын төрт жасымнан бастап білемін! Жастайынан әкесі һәм туған ағасынан айырылған адам өлім жайлы бірдеңе білетін шығар?.. Соңғы бір жылдың ішінде Анасынан, үлкен ағасынан, туған нағашы мен жездесінен, апасынан, өсіріп-жеткізген атасынан, қыршыннан қиылып түскен туған інісінен айырылып, бір жыл бойы бірінен кейін бірін жерлеуден мұрша көрмей, аза бойы қаза боп жүрген мен өлімнің не екенін білмей қалыппын ба?!! Қандай адамсыздар өзі?! Мұндай сөздерді менің жекеме де, фбда да жазу үшін қандай қатты жүрек керек?! Менің осыған еш миым жетпей қойды. Қала берді, осындай ауыр сөздерді жазу арқылы Аягүлдің өліміне себепші болған кибербуллингпен өздері маған қарсы айналысып отырғанын біле ме екен?! Тіпті тапсырыс алған күннің өзінде адамда кішкене болсын ар-ұят болса керекті. Бәріне топырақ шашпаймын, кей адамдарға қатысты айтып отырмын. Өздері өзін танып-біліп отырған болар. Құдайға тапсырдым. 
Кибербуллинг демекші Аягүлдің өлімінен кейін бір топ қоғам белсенділері әлеуметтік желіде бір-бірінің жеке басына, ар-ожданына тимеу туралы 12 алтын ережеден тұратын қоғамдық бейресми Кодекс жасақтады. Ол кодексті “Аягүл Кодексі” деп атамақшымыз. Себебі, мұндай қайғы енді қайталанбауы тиіс деп білеміз. 
Мен айтарымды айттым. 
Енді бұл тақырыпқа қайтып оралмаймын. Ал, енді Аягүлдің өлімін өзіне саяси һәм өзге ұпай жинау үшін пайдаланып, өртті ары қарай лаулатқысы келсе, Тәңір ол адамдарға Өзі төреші болсын!»
Басып шығару
purchase lasuna online cheap - oral diarex buy himcolin without prescription

order benemid 500mg pills - order benemid 500 mg generic generic carbamazepine 200mg

mebeverine canada - buy colospa 135 mg online cheap buy pletal 100mg

order celecoxib 200mg pills - indocin uk indomethacin 75mg canada

purchase cambia without prescription - order aspirin 75 mg pills order aspirin 75mg for sale

order rumalaya - order endep 10mg pills amitriptyline 50mg uk

cheap voveran pills - order nimodipine for sale buy nimodipine pills for sale

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15