Танымал кинорежиссер Қазақстан туралы фильм түсірді

  • 06 июл, 18:07
  • Көрілім: 79

Қазақстан  мен Нұрсұлтан Назарбаев туралы «Qazaq: алтын адамның тарихы» деректі фильмінің премьера алдындағы көрсетілімі өтті. Фильмнің ұзақтығы – 8 сағат, режиссер Игорь Лопатенок.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы «Qazaq: history of the golden man» атты деректі фильмнің авторы – әйгілі американдық сценарист Оливер Стоун.

Ол туралы не айтқыңыз келсе, соны айтыңыз, бірақ деректі фильмнен сіздер Кеңес империясының күйреуі және елдің тәуелсіздікке жетуі, ядролық қарудан бас тартуға жасалған қадамдар туралы айтқан кішіпейіл адамды көресіздер. Назарбаев Қазақстанның көшпелі тарихы мен Еуразияның технологиялық болашағы туралы әңгімелейді, – деп жазды Оливер Стоун әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оливер Стоун – американдық кинорежиссер, сценарист және продюсер.

  
Сондай-ақ оқыңыз

Пікір қалдыру