ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Тимур Жиенбайұлы Қарағойшин ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тимур Қарағойшин 1961 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Алматы сәулет-құрылыс институтын, Технология, құрылыс, бағалау және сапаны басқару университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі — инженер-құрылысшы, заңгер-сарапшы.
Сурет: ПМ