Алматыда жолаушылар автобусы өртеніп кетті. Оқиға орнынан түсірілген фотосуреттер мен бейнежазбаларға қарағанда автобус түгі қалмай жанып кеткен.
Алматы Төтенше жағдайлар департаменті оқиғаның мән-жайын айтып берді. Куәгерлер 20 сәуірде сағат 11.00-де автобустың өртеніп жатқаны туралы хабарлаған. Автобус Алатау ауданы Қожаханов көшесіндегі Әйгерім-2 шағын ауданында өртенді.
«Келген сәтте өрт сөндірушілер 20 шаршы метр алаңда "ЛиАЗ" маркалы автобустың өртеніп жатқанын анықтады. Ішінде жолаушылар болған жоқ. Өрт жеті минут ішінде, сағат 11.22 - де ауыздықталды», - деп атап өтті ведомстводан.
Фото: ДЧС
Басып шығару