Атырауда түнде базар өртенді. Өртті сөндіруге 150-ден аса адам жұмылды. ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің хабарлауынша, 19 желтоқсанда сағат 01.41-де Атырауда «Дина» сауда базарының аумағында жалпы ауданы 3 420 шаршы метр өрт шыққан.
«Қаза тапқандар мен зарап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Өртті сөндіруге ТЖ департаменті (63 қызметкер, 11 дана техника), "Өрт сөндіруші" АҚ (3 қызметкер, 1 бірлік техника), Полиция департаменті (50 қызметкер, 20 бірлік техника), 5546 әскери бөлімі (52 әскери қызметкер, 3 бірлік техника) жұмылды», - делінген хабарламада.