Сурет: lada.kz
КТК телеарнасының хабарлауынша, Ақтөбеде 90 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінген қала әкімінің бұрынғы орынбасары Жангелді Әубәкіров сот алдында жауап беріп жатыр.
Тергеу мәліметінше, бюджет қаражаты облыс орталығын Жаңа жыл қарсаңында безендіру үшін юөлінген. Бірақ шырша мен гирлянданың орнына шенеунік жалпы құны 31 милллион теңгелік Lexus көлігін сатып алған.
Әубәкіровпен бірге бірнеше адам сот алдында жауап берді.
"Адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, жаңажылдық шараларды өткізуге жалған шарт жасасу арқылы және заңсыз мемлекеттік сатып алуды жүргізіп, кейін іс жүзінде орындалмаған жұмысқа мемлекеттік бюджеттен бөлінген аса ірі мөлшерде қаражаты иемденіп, талан-таражға салды деп айыпталып жатыр", - дейді Ақтөбе қалалық сотының баспасөз хатшысы Махаббат Ешімова.
Басып шығару