Түркістан облысы балалар ауруханасының бұрынғы бас дәрігері Әнуарбек Маймақов 6 миллион теңгеге жуық қаржыны талан-таражға салғаны үшін 4 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды.
Балаларды емдеу мекемесін басқарып отырған екеу 2018 жылдың қаңтары мен 2019 жылдың қаңтары аралығында 25 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырған. Медицина ғылымдарының докторы әрі бұрын бірнеше жыл Шымкенттің денсаулық сақтау басқармасын басқарған Әнуарбек Маймақов аурухананың қажеттілігіне арналған 4 миллион 800 мың теңгеге шырша алып, туған ауылына отырғызса, миллионнан астамын ұлының джипін жөндеуге жұмсапты. Бас бухгалтері 19 миллион теңгені туған қызы мен сіңлісінің фирмаларына аударып отырғаны анықталды. Бюджеттің миллиондарын жымқырғаны үшін жұмсақ үкім шыққанымен бұрынғы бас дәрігер сот шешімімен келіспейтінін жеткізді.
Момбек Әмірбеков, Қаратау аудандық сотының судьясы:
Екі сотталушы да материалдық шығынды толық көлемде өтеді. Сотталған Маймақов 5 миллион 910 мың теңгені төлеп, мемлекеттке келтірген шығынды толық қалпына келтірді.
Басып шығару