Қазақстандықтар Қостанай облысында жабық сайлау учаскелерінде мерзімінен бұрын дауыс беру басталып кеткені туралы хабарлама таратып жатыр.
Мерзімінен бұрын сайлау туралы постты Ермек Нарымбай Facebook желісінде 4 қаңтарда өз парақшасында жариялады. Ермек Нарымбай Қостанай облысы Алтынсарин ауданындағы "Сосновый" шипажайы учаскесінде мерзімінен бұрын дауыс беретінін жазып, бұл ақпаратты растауды немесе жоққа шығаруды сұраған.
Ал облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Александр Малашко постта көрсетілген ақпарат шындыққа жанаспайтынын жеткізді. Еске салайық, Қазақстанда 10 қаңтарда Парламент сайлауы өтеді.
Басып шығару