Елордадағы Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) ғимаратының айналасына қоршау орнатылды. Журналистер сайлау қарсаңында қоршау неліктен орнатылғанын сұрады.
ОСК-дегі брифингте журналист ғимарат айналасына қоршау орнатылғанын, осыған дейінгі сайлауда қоршаудың болмағанын атап өтті. БАҚ өкілі бұл жұмысты жүргізуге қанша ақша бөлінгенін сұрады.
"Орталық сайлау комиссиясы және басқа да ұйымдар Бейбітшілік көшесі, 4 мекенжайындағы ғимаратты жалға алып отыр. Бұл біздің ғимарат емес. Бізде ғимарат та жоқ. Сондықтан қоршаудың ОСК-ге қатысы жоқ", - дейді Орталық сайлау комиссиясы мүшесі Сабила Мұстафина