Түркістан облысында «Қасқасу» тау шаңғы курортының құрылысын жүргізу қайта қолға алынбақ.
Ауқымды жобаны жүзеге асыру шаралары 6 жылдан бері талқыланып келеді. Құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталады. Төле би ауданындағы тау бөктеріне салынатын курорттық демалыс аймағының негізгі бастамашысы – әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация. Алдағы уақытта мұндағы тау етегі демалысқа арналған барлық қажетті нысанмен толығатын болады. Курорттық аймақ алаңының көлемі 280 гектарды қамтиды.
Облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов жоспармен бөлісті.
"Мемлекет тарапынан тартылған инвестиция инфрақұрылым жүйелерін де қамтиды. Бұл – көгілдір отын, электр қуаты, жол салу т.б. жұмыстар. Ал инвестор өз тарапынан мұнда коттедждер тұрғызады. Құз қияларды ретке келтіреді, тегістейді. Яғни демалушыларға, туристерге толық жағдай жасайды", - деді ол.
Басып шығару