Қостанай облысына қарасты Торғай ауылында үй өртеніп, салдарынан төрт адам, оның ішінде жасқа толмаған қос сәби ажал құшты.
Өрт 15-желтоқсан күні кешке басталған. Жалын 20 минуттың ішінде үйдің шатырын құлатуға қауқарлы болған-мыс.
Жергілікті ауруханаға денесін күйік шалған 33 жастағы ер адам мен 22 жастағы әйел кісі жеткізіліпті. Олардың денесінің 45-40 пайызын күйік шалған.
Ал 2009, 2011 және 2014 жылы туған үш бала Арқалық қаласындағы ауруханаға екінші дәрежелі күйікпен түскен.
Оқиға орынынан 1938 жылы және 1985 жылы туған екі әйелдің мүрдесі табылды. Олармен бірге үйдің ең кішкентай мүшелері де өртеніп кеткен.
Отбасы мүшелерінің бірі өрт кезінде жұмыста болғанын, жағдайды кейін білгенін айтады.
Қазір өрттің себеп-салдарын Қостанай облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тексеру үстінде.
Басып шығару