Қазақстанның әр өңіріндегі дәріханалар алдындағы ұзын-сонар кезекке де көз үйрене бастады. Көпшілік алдағы күн үшін де қамданып жатқаны сөзсіз. Осыған байланысты дәрі-дәрмек дефицитін туғызбау үшін мемлекет шектеу қоймақ. Алматы қаласында бір дәріні үш данадан артық сатып алу мүмкін болмайды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.
«Барлық аймақтардағы дәрімен қамтамасыз ету процесі үкіметтің қатаң бақылауында. Мысалы, Алматы қаласының әкімдігі бірқатар фармкомпаниялармен келісімшарт жасасып, 103 дәріханаға күнделікті дәрі жеткізіп тұру мәселесі жолға қойды. Аталмыш келісімшарт бойынша дәріханалар дәрі бағасын көтермейді және бір адамға бір дәрінің үш данасынан артық сатпайды», - деді ол.
Басып шығару