ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің 1-ші департаментінің өте маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров аудандық полиция басшысының орынбасары Төтенше жағдай және карантин режимі кезінде емін-еркін жүріп тұруды қамтамасыз еткені үшін 300 мың теңге көлемінде пара алғанын мәлімдеді.
«4-маусым күні Петропавловск қаласының сотының үкімімен аудандық полиция бөлімінің басшысының орынбасары Шаниев карантин режимі кезінде Шал ақын ауданының көлемінде емін-еркін жүруді қамтамасыз етіп, заңсыз қызметі үшін 300 мың теңге пара алғаны әшкереленіп, кінәлі деп табылды. Айыпты азамат 3 жыл, алты айға бас бостандығынан айырылды», - деді Бигайдаров.
Оның айтуынша, 8-маусым күні Орал қалалық сотының үкімімен БҚО Полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының командирі Мурзағалиев бірнеше мәрте пара алғаны үшін 420 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттеліп, полиция капитаны арнайы шенінен айырылған.
Агенттік мәліметіне сүйенсек, бір апта ішінде 14 үкім шығарылса, соның төртеуі карантин кезінде әкімшілік хаттама толтырмағаны үшін алынған параға қатысты екен.
Басып шығару