Adebiet
Көк Туға – Құрмет!
26.10, 15:37
Құлтөлеу Мұқаш. Қазақтың ДОН-КИХОТЫ
17.04, 12:03
Есенғали Раушанов. Ақын мың баспа табақ кітап оқып, он баспа табақ кітап жазса қандай жақсы!
17.02, 10:49
Мұқағали тұрған пәтерлер
09.02, 11:34
Президент жазушы Шерхан Мұртаза ескерткішіне гүл шоғын қойды
03.02, 15:36
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздары анықталды
07.12, 11:13
ЖІБЕК ЖОЛЫ, 50
01.12, 11:36
Көпен қайтты – сөз семсердің суы қайтты
10.11, 12:32
Мұхтар Мағауин: Қазақстан дәуірлей берсін!
31.10, 11:43
Төлен ӘБДІК, жазушы: «ЖАҚСЫ АДАМНЫҢ ЖОЛДАН ТАЮЫ – ҮЛКЕН ТРАГЕДИЯ»
24.10, 15:19
Аралда полицей кәріз құдығындағы суға батқан сәбиді құтқарды
АРАЛ. BAIRAQ.KZ - Қызылорда облысы Арал ауданында тұратын полиция қызметкері Дәуренбек Жанайбеков кәріз құдығына құлаған бір жарым жастағы сәбиді құтқарып қалды, деп хабарлайды bairaq.kz тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап. Сол күні Дәуренбек жұмысынан келіп үйде түс әлетінде демалып жатқан. Осы бір сәтте ол сырттағы айқай-шуды естіді. Жалма-жан сыртқа шығып, оқиғаның жәй-жапсарына қанығып үлгерді. Көрші үйдің ес біліп қалған баласы Дамир кәріз құдығы жақты нұсқады. Дәуренбек оның беті ашық тұрғанын көрді. Оның ішінде екі метрдей төменде сәби лас суға түсіп кеткен екен. «Лас суға түсіп кеткен сәби біраз есін жоғалтып алған секілді. Әлсіз қолдарын ербеңдетіп қояды. Оны бірден ұстап алуға мүмкіндік болған жоқ. Құдық ішіндегі тымырсық ауа да еркін қимыл жасауға мүмкіндік берер емес. Әйтеуір бүлдіршінді лас судан шығарып сыртта тұрған адамдарға беріп үлгердім», - деді Дәуренбек. Кәріз құдығы ішіндегі ауа оны әлсіретіп жіберді. Өзінің одан шығуға мүмкіндігі болған жоқ. Сол жерде есінен танып құлап қалды. Оны сырттағы жігіттер құдықтан шығарып алды. Одан кейін Дәуренбек ауруханада жансақтау бөлімінде ем алды. Құдықтағы судан құтқарылған балаға да дәрігерлер медициналық көмек көрсетті.
Басып шығару