Карантин 8-маусымға дейін ұзартылды

  • 24 май, 09:22
  • Көрілім: 1 366

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 8 мыңнан асып, күн сайын анықталып жатқан науқастары саны көбеюде. Жағдай ушығып кетпеуі үшін Атырау облысында 8-маусымға дейін карантин ұзартылды. 
Атырау облысының бас санитар дәрігерінің 10-мамырдағы қаулысына біршама өзгерістер енгізілді. 
Карантин кезінде азаматтардың жүріп-тұруына мүмкіндік беріледі. Дегенмен, санитарлық талаптарды сақтау қатаң бақыланып отырады. 
Айта кету керек, 24 қалашығында 935 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жағдайы да каратиннің созылуына әсер етуі ықтимал. 
Аталған компанияға үкіметтік комиссия жіберіліп, жұмыс істеу графигі мен санитарлық талаптар туралы ортақ ереже бекітілді. Бұл ережелер қалашықтардағы жұмысшылар арасында инфекцияның таралауының алдын алуға көмектеспек. 
Сондай-ақ оқыңыз

Пікір қалдыру