Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана Опера» театрының ғимараты карантинге жабылды. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады.
Төтенше жағдай режимі аяқталған бойда театр қызметкерлерінің 30 пайызы жұмысқа кіріскен.
«Театр ғимараты толық дезинфекциялануда. Оның ішінде театрдың қызметтік көліктері, тасымалдаумен айналысатын қызметкерлер де қажетті шараларды қолдануда. Күзет қызметкерлері мен кейбір техникалық қызметкерлер қорғаныс костюмдерін киіп, барлық санитарлық талаптарды сақтауда. Барлық қабаттарда арнайы сұйықтықтар қойылған. Театр ғимаратының кіреберісінде тепловизор орнатылып, жұмыс істеуге мәжбүр қызметкерлердің маска мен қолғап киюі қатаң бақылануда», - деді баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әбдірова.
20-мамыр күні театр қызметкерлерінің бірінің коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған.
Басып шығару