ӨСКЕМЕН. BAIRAQ.KZ - Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омардың құрылыс орнына жасаған жұмыс сапары барысында белгілі болды деп хабарлайды bairaq.kz тілшісі Өскемен қаласы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа мектептердің бірі Уәлиев көшесінде орналасқан, білім ордасы 1 қыркүйекте мектеп оқушылары үшін есігін ашады. Мұнда қабырғалар, шатырлар мен ішкі қалқалар салу жұмыстары толық аяқталды. Құрылысшылар ғимараттың қасбеттерін жартылай аяқтап, ғимараттың ішкі әрлеуін жасады. Нысанды тамыз айында тапсыру жоспарлануда. Ахмер ауылында тағы бір жаңа мектептің құрылысы жалғасуда. Құрылысшылар нысанды қазан айында толық тапсыруды жоспарлап отыр.
Басып шығару