Шымкент қаласында зиянкестерге қарсы удан үш бала қаза болды. Өткен жылы дәл осы себеппен төрт жасар және бір жасар бала көз жұмса, биыл бұл жағдай тағы қайталанып отыр. үстіміздегі жылдың 13-ақпанында сегіз айлық нәресте осы удың кесірінен қыршын кеткен.
Қазір 42 жастағы дезинсектор екі ай мерзімге қамауға алынды. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүргізілуде.
«Бірнеше тергеу амалдары мен сот-медициналық сараптамасының қорытындысы негізінде балалар өлімінің себебі анықталды. Күдікті үйді улау барысында ауыл шаруашылығында ғана қолдануға рұқсат етілген «Имидаклоприд» химиялық қоспасын пайдаланған», - деп мәлімдеді полиция.
Екі жағдай нәтижесінде үш бала өмірмен ерте қоштасты. Аталған фактілердің барлығы сотқа дейінгі тексеру реестріне тіркелді.
Басып шығару