Атырау облысында 27-наурыз күні коронавирус жұқтырған 3 адам анықталды. Бұл науқастар да шет елден келген.
Инфекция Атырау қаласына 17-наурыз күні «Стамбұл – Алматы», 26-наурызда «Амстердам – Атырау» және 21 наурызда «Нұр-Сұлтан - Атырау» бағыттары арқылы ұшып келген жолаушылардан анықталған.
Егер Атырау қаласында 6 және одан көп адамның инфекция жұқтырғаны анықталған жағдайда қала карантинге жабылады. Қазір кері жағдайда 1700 адамды қабылдайтын стационарлар дайын.
Тамақ қоры, басқа да қажетті заттар қоры жеткілікті.
Басып шығару