Осылай аталатын кітап дүкені. Маңдайшасына "ТЕК ҚАЗАҚША" деп жазып қойыпты. Шынымен де мыңдаған кітап тек қана қазақ тілінде екен.
Есіктен кіре бере "ҰЛТҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУ" деген кітапқа қол создым. Әлемдік ұлт көсемдері жайлы жазыпты. Ия, оған дау жоқ. Дегенмен ҰЛТҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУ тек қана көсемдердің ісі ме екен?! Ол - сол ұлттың кез келген адал өкілінің ісі. Осы - ТЕК ҚАНА ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ деген сөзді маңдайшасына іліп, жүздеген шаршы метір сауда алаңын жалдап, кітап сатып отырған жастар соған дәлел. ҰЛТҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУ деген осы. Дүкеннің иесі - АЛМАС деген жігітке риза болдым. Тебірендім.
Алматыдағы Атакент сауда үйінің екінші қабатына баршы. Тек қана қазақ тіліндегі ҚАЗЫНАҒА тап боласың!
Бұл ғана емес, Еліміздегі мыңдаған сауда дүкендерінің, мекемелердің маңдайшасына "ТЕК ҚАНА ҚАЗАҚША "деген нұсқаулық ілінсе ше...
ҚАЗАҚ ЖЕРІ ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ ОРТАҚ ОТАНЫ! Ендеше, ҚАЗАҚ ТІЛІ ДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫ ОТАНЫМ ДЕГЕН АДАМДАРДЫҢ ОРТАҚ ТІЛІ.
Басып шығару