Mazir
10 ноя 10:28korilim:496 Madeniet

Жаңа қазақ әліпбиін бүкіл түркі әлемі оқи алатын болады – ғалым

«Латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиі бүкіл түркі халықтарына түсінікті, оқуға жеңіл болады. Өйткені әліпби таңбалары «Ортақ түркі әліпбиінен» алынған» - дейді А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бөлім жетекшісі, ф.ғ.д, профессор Құралай Күдеринова.

Ғалымның айтуынша, латын графикасына көшкісі келетін түркі халықтарына әліпби құрастырудың ұтымды бір жолы бар: ол – «ортақ түркі әліпбиінен» таңбалар алу. 1991 жылы бекітілген, латын графикасына негізделген бұл ортақ әліпби бүкіл түркі халықтарының жазуын біріктіру, сол арқылы мәдениет кеңістігін жақындату, бір-бірін оңай түсінуге жол салу мақсатында ұсынылған жоба болатын.

«1991 жылы Түркияның Мәрмәра қаласында түркі халықтарының тілші және әдебиеттанушы ғалымдарының басқосу жиыны өтіп, ортақ түркі әліпбиі жобасын қабылдаған. Түркі мемлекеттерінің ортақ ақпараттық орталығын құру, ортақ мәдениет пен әдебиетін қалыптастыру мақсатында қабылданған іс-шаралардың бірі – осы ортақ жазуды ұсыну болды. Басқосуға Қазақстаннан академик Әбдуәли Қайдар, профессорлар Көбей Хұсайын, Ерден Қажыбек сынды белді ғалымдар қатысқан. Кейін 1993 жылы Анкарада өткен симпозиумде ортақ түркі әліпбиін қолдану мәселесі көтеріліп, қазақ ғалымдары бұған да мақұлдау білдірді. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ортақ түркі әліпбиінің негізінде латынграфикалы қазақ әліпбиін түзу керек деген көзқарасты ұстанады. Қазіргі біз ұсынып отырған жетілдірілген қазақ әліпбиі осы ортақ түркі әліпбиіндегі таңбалар бойынша түзілді. Әліпби дайын, енді мемлекеттік деңгейде бекіту ғана қалды», - дейді Құралай Күдеринова.

Ғалымның айтуынша, мұндай әліпбидің берер мүмкіндігі мол.

«Ең алдымен, қазақ тілі басқа түркі халықтарына түсінуге, оқуға оңай болмақ. Латын әліпбиіне әлі көшпеген түркі халықтары біздің көшкенімізді күтіп отыр. Жазу арқылы түркі халықтарымен мәдени-экономикалық байланысымыз күшейеді. Екіншіден, қазақтың өзі де басқа түркі тілдерін оқуға, түсінуге жақын болмақ», - деп түсіндіреді.


Ортақ түркі әліпбиінде 34 таңба бар. Ал жетілдірілген қазақ латын әліпбиі осындағы 31 таңбаны алып отыр. Яғни, 91 пайызы ұқсас. Тек үш әріп қана басқаша. Ғалымның айтуынша, бұл жоғары көрсеткіш.


Салыстырмалы түрде алсақ, әзербайжанда 2 әріп, өзбекте 10 әріп, түркіменде 8 әріп басқаша жазылады. Өзбектер мен түркімендер ортақ түркі әліпбиінен біршама алшақтап кеткен.

«Ортақ түркі әліпбиі Түркиядағы түріктердің латын графикасының негізінде жасалғаны белгілі. Бірақ бұл графика – әлемдік латын әліпбиімен бірдей. Түріктердің өзі әліпбиді неміс латыншасынан алған. 1928 жылы қабылдады. Одан бері бір ғасырға жуық уақыт өтті. Бәсекеге қабілетті графика екенін уақыт дәлелдеді. Алдағы уақытта бізден кейін қырғыз, башқұрт, татар халықтары да осы латын графикасына көшеді деген сенімдеміз», - деп түсіндірді профессор.

Дереккөз: massaget.kz

Басып шығару
cheap lasuna tablets - purchase lasuna generic himcolin medication

order gabapentin for sale - sulfasalazine 500mg uk buy sulfasalazine medication

probenecid uk - order tegretol for sale carbamazepine for sale online

order celebrex pills - buy indomethacin 75mg without prescription order indocin 75mg pills

buy cambia tablets - aspirin oral order aspirin 75mg pill

order rumalaya sale - rumalaya where to buy buy amitriptyline for sale

purchase pyridostigmine generic - order imuran online order azathioprine 50mg sale

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15