2020 жылдың 5 тамызында Үкімет қаулысының негізінде 10 тамыз «Абай күні» деп аталатын мерекелік күн болып бекітілген болатын. Ақынның 175 жылдық мерейтойы қарсаңында осы күнді ресми түрде «Абай күні» деп бекіткен.
Алматы қаласында биыл да Абай күні ерекше атылып өтеді. Абай күнін мерекелеу сағат 10.00-де Абай алаңындағы ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталады. Осыдан соң сағат 11.00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрының әртістері метроға түсіп, ұлы ақынның шығармаларын музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен орындайды.
Осылармен қатар, сағат 11.00-де Алматы музейінде уақытша экспозиция басталады – Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы қорынынан экспонаттар қойылады.
Сағат 17.00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Күн артынан күн туар» театрландырылған концерт өтеді: хор мен оркестрлік топ «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Татьянаның әні», «Қараңғы түнде тау қалғып» және басқа да көптеген әндерді орындайды. Сахна аясында ақынның туған жеріне барған сапарлардан бейнематериалдар және музейлерден мұрағаттық материалдар көрсетіледі.