Mazir
19 июл 15:56korilim:1 144 Madeniet

Үкімет Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай 500-ге жуық іс-шара өткізуді жоспарлауда

НҰР-СҰЛТАН. BAIRAQ.KZ - 18 шілдеде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықованың төрағалығымен 2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысы өтті деп хабарлайды bairaq,kz тілшісі.

Биыл 30 мамырда «Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу  туралы» ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Жарлығы бекітілді. Мерейтойды дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Оның құрамына Парламент депутаттары Б. Жұмағұлов, С. Әбдірахманов, көрнекті жазушылар мен қоғам қайраткерлері О. Сүлейменов, Р. Сейсенбаев М. Әуезов, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ еліміздің академиялық және шығармашылық қауымының өкілдері енді.
Вице-Премьер отырыстың ашылуында Елбасы Н. Назарбаевтың сөздеріне көңіл аудартты.
«Абай әлем мойындаған дана ұстаз, ақын және адамзаттың данышпаны. Данышпан Абайдың ұлылығы мен ерекшелігі, табандылық пен мақсаттылықты дәріптей және оның өз ұлтының санасына енгізе отырып, ұлттық рухты бұрын-соңды болмаған биіктікке көтере алды. Біз Абайдың бойынан табылатын тұлғаға лайықты, мақтан тұтатын рухани тірегіміздің барына алғыс айтуымыз керек», - деді Г. Әбдіқалықова.
Отырыста халықаралық, республикалық және өңірлік деңгейдегі 500-ге жуық түрлі іс-шаралар өткізу жоспарланған Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспар жобасы қарастырылды.
Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, Париж қаласындағы ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде «Абай» көркем фильмінің өндірісі мен шығарылымы, Абай шығармаларының шет тілдеріне аударылуы мен жарыққа шығарылуы, сондай-ақ Абай үйі-музейінің жан-жақты танымалдығын арттыру іс-шаралары, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығына ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізу, Абайдың әкесі – Құнанбайдың тұлғалық маңыздылығы мен тарихи-мәдени рөлін арттыру бойынша шаралар қабылдау көзделген.
Бұған қоса, бүгінгі күні әлеуметтік желілерде сәтті іске асырылған #Abai175 челленджі жаһандық форматта жалғасын табатын болады.
«Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу халықтың тарихи санасына сіңіру және еліміздің рухани мәдениетін жаһандық форматта ілгерілетуге бағытталған Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі», - деп атап өтті Г. Әбдіқалықова.
Соңында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықова мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берді.

Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15