Шәмшінің Қонаевпен кездесуі туралы өз дауысымен айтқан әңгімесі жарияланды (видео)

  • 22 июл, 10:07
  • Көрілім: 1 553

Ән өнерінің королі атанған композитор Шәмші Қалдаяқовтың бір жиында отырып, Дінмұхаммед Қонаевпен кезедскені туралы айтқан әңгімесі таспаға басылыпты. Жақын арада осы аудиожазба әлеуметтік желіде жарияланды. 

15 минутқа жуық әңгімесінде Шәмші Қалдаяқов патшамен кездесуге қалай дайындалғанын, Нұрғиса Тілендиевпен бірге барғанын, сыртта достарының күтіп тұрғанын айтады. 

Сөз арасында жақсы костюм мен жаңа аяқ киім өзіне жараспайтынын айтып, бірақ сол айтулы күні қызыл күрең голландиялық туфлиін киіп, шалбарының қырын пышақтай қылып шығарып, аса жоғары дайындықпен барғанын қалжыңмен жеткізеді.
 
Композитор әңгімесінде Қонаевтың кабинетін де суреттеп, болған әңгімені бастан-аяқ қаз-қалпында жеткізеді. Тіпті, Қонаевтың өзіне «ана мәселені доғар» деп ескерту жасағанын, орталықтан үй беруге уағда қылғанын да жасырмайды. 
Сондай-ақ оқыңыз

Пікір қалдыру

Пікірлер - 1


  1. PAL ES is the official supplier of products on the territory of the Russian Federation Easy installation and configuration from a mobile application ABOUT OUR CONTROL AND ACCESS CONTROL SYSTEMS Intelligent innovative systems based on wireless technologies Ease of installation (small size, does not require deep knowledge and practical skills for installation and adjustment) Ease of use (all control via smartphone) https://2Zi.ru/