Mazir
13 июл 15:18korilim:549 Madeniet

Жазба жұмысының инновациялық түрлері


Заманауи ұстаздың келбеті қандай болу керек?
ХХІ ғасыр ілім мен ғылымның ғасыры деген күннің өзінде адам баласы бір саланың ғана маманы болып қалмау керек дегенді алға тартуда. Яғни, сіз әмбебап болуыңыз керек. Бұл талап оқытушылар қауымына да қатысты. 
          Тіл игертуде, оның ішінде практикалық сабақтарда интерактивті құралдарды қолдану мұғалімнің идеясына, шығармашылық ізденісіне байланысты. Интерактивті құралдар оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды. Бұл тыңдаушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын арттырады. Интерактивті құралдарды орынды қолдану оқыту сапасын жетілдіруге көмектеседі.
Біздің заманымыз – жазу заманы. Сөйлей білу қандай қажет болса, жаза білудің керектігі одан да артық. Сіздермен мен,   тіл үйрету  саласындағы оқу-әдістемелік жұмыстардың нәтижесімен бөліскім келіп отыр. Қосымша әдістемелік өнімдер мен көрнекіліктерге тоқталатын боламын.
Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығының базасында Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы әзірленді. Жинақ – жас   ерекшелігі шектелмеген, жалпы тіл үйренушілер мен оқытушыларға арналған әдістемелік көмекші құрал. Ұсынылып отырған диктанттар мен мазмұндамалар жинағы – тұрмыстық, əлеуметтік тақырыптағы мəтіндер негізінде тіл үйренушілердің сөйлеу біліктілігін жетілдіру, лексикалық қорын, білім-білік дағдыларын қалыптастыруына көмекші болады. Ауызша жəне жазбаша тілді дамыту, қызығушылықтарын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастырады. Аталмыш жинақта қазақтың салт-дəстүрлері мен əдет-ғұрыптарына байланысты мəтіндер берілген. Диктанттар жинағы түрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы жаңа емле бойынша жазу, оқу дағдыларын қалыптастырады.
 Басқа диктанттар мен мазмұндамалар жинағынан ерекшелігі электронды оқулығымен қоса дайындалды. Мұнда дәстүрлі диктант (бақылау, сөздік, суретті, түсіндірмелі, көру т.б)  түрлерімен қатар заманауи диктант түрлері (бейне диктант, графикалық, шығармашылық, сүйеніп отыру диктанты, жүгіру, ысқыру т.б) мен мазмұндамалар жинағы таратпа материалдарымен,  дыбысталуымен берілді.
Суретті және аударма диктанты – тіл үйренушілердің лексикалық минимумды бекітуге, есте сақтауға, сөздік қорын молайтуға септігін тигізеді. Берілген лексикалық минимумдардың аудармасын жазып, QR-code қосымшасы арқылы өзін тексеріп, бағалай алады. Суретті диктантта -  берілген суреттің атауын жазып, өзін тексеріп қатемен жұмыс жасайды.
Жаңа сөздерді меңгертуде оқытушыға шығармашылық қырын да көрсету маңызды. Ол үшін де цифрлық технология көмек бермек.
Келесі диктанттың түрі – шығармашылық диктант. Бұл диктант дәстүрлі диктанттан өзгеше. Неге? Себебі, STEAM жүйесіндегі онлайн бағдарламалардың бірі – Tagul веб-сервисінде әзірленді. Яғни, тіл үйренушілердің  үйренген сөзді сөйлеу тілінде белсенді қолдануға, оны формалық жағынан түрлендіріп қолдана алу яғни сөйлем мен мәтін құратуға, сонымен қатар олардың  тіл үйренуге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. 
Келесі диктант түрі – графикалық диктант. 
Мұнда сөйлемнің не сөздің сызбалары беріледі. Сол сызбаға сəйкес сөйлемдер құрастыру, берілген тапсырмаларды орындау арқылы белгілі бір грамматикалық материал пысықталады.  Жазылым бөлігінің қарапайым жəне базалық деңгейінде тіл қолданушының қазақ тілінде сауатты жаза білуге, есте сақтауға көмегін тиізігеді. 
Сүйеніп отыру диктанты (Back-to-back dictation) – сүйеніп отыру диктантын тыңдаушылар жұптарымен оқиды. Екі тыңдаушыға бір мəтін екіге бөлініп беріледі. Мəтінде тыныс белгісі болмайды. Жұп оқушы бір-біріне арқаларын беріп мәтінмен танысады. Алғашқы бөлігін бір тіл үйренуші оқиды, жұбы жазады. Мəтіннің бірінші бөлігі аяқталған соң, келесі бөлігін жазған тіл үйренуші оқиды да, оқыған тыңдаушы диктантты жазады. Соңында жұмыстарын алмастырып, оқытушының берген дұрыс нұсқасымен салыстырып, тексереді. Яғни, бұл жерде жұптық жұмыс әдісі орындалады. 
Ысқыру диктанты   –   (Whispering dictation) – диктантты оқытушы оқиды. Диктант белгілі бір сөз табын табу мақсатында орындалады. Аудио нұсқасын ысқыру диктантының түсіп қалған сөздері арнайы музыкалық паузамен беріледі.  Олар болжаммен сол жерге қажетті сөзді өздері дəптерлеріне жазады.  Диктанттың қай түрін алсаңызды оны бекітуге арналған тапсырмалар да қоса берілген. 
Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығының базасында Латын әліпбиі негізіндегі емлені бекітуге арналған жұмыс дәптері әзірленді. 
Жұмыс дәптері жаңа әліпби мен емле ережелерін мемлекеттік қызметшілер мен ересектерге меңгертуге арналған. Сонымен қатар жаңа жазу дағдыларын өз бетінше игеруге көмекші болады. Жұмыс дәптері түрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы жаңа емле бойынша жазу, оқу дағдыларын қалыптастырады. Жұмыс дәптері – акут негізді латын әліпбиінде әзірленді. Жұмыс дәптері барлық облыстарда бар, әр жұмыс дәптері өзінше ерекше. Біздің авторлығымызбен дайындалған  жұмыс дәптеріміздің ерекшелігі,  екі нұсқада жазылып дайындалды. Бірінші нұсқасы тыңдаушыларға арналған жұмыс дәптері, екінші электронды нұсқасы, тыңдаушының өзін-өзі бағалауға, қатемен жұмыс жасауға арналған. Жұмыс дәптерінде әр сабаққа қатысты емле-ережесі, кейін оны бекітуге жазылым, оқылым жұмыс түрлері берілген. Жазылым жұмыстарын орындағаннан кейін QR-кодтың көмегімен кез-келген өзін тексеріп, бағалап, қатемен жұмыс жасайды.

Ағымбаева Мунира Шайхсламқызы, 
Қарағанды облысының тілдерді оқыту
 орталығының әдіскері, магистр
Басып шығару
buy cheap lasuna - lasuna online buy buy cheap himcolin

order generic celecoxib - buy celebrex 200mg without prescription buy indocin pills

buy mebeverine generic - buy generic arcoxia online pletal pills

diclofenac pill - order aspirin 75mg for sale buy aspirin 75 mg

where to buy rumalaya without a prescription - cheap rumalaya generic elavil 50mg oral

cheap mestinon - order imitrex without prescription cheap imuran 25mg

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15