Mazir
12 май 18:28korilim:667 Madeniet

Пандемия жағдайындағы білім берудің өзекті мәселелері

Еліміздегі жетекші жоғары оқу орны ретінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті коронавирус туғызған қиындықтарды табысты шеше білді. Қашықтан оқытуға көшкен өткен жылдың 16 наурызынан бастап аптаның жеті күнінде тәулік бойы университет оқытушылары мен студенттер ақпараттық технологиялар бөлімімен тығыз байланыста болып, кеңес алды. Сондай-ақ, оларға техникалық қолдаулар көрсетіліп, вебинарлар өткізілді.   

Пандемия кезінде қашықтан білім беруге мәжбүрлі түрде көшу оқытушылар үшін де, студенттер үшін де үлкен сын болды. Онлайн оқыту ақпараттық технологиялар мен цифрлық құралдарды меңгеруді, коммуникациялық машық пен психологиялық төзімділікті қажет етті. Пандемия білім беру сапасына,  республикалық жоғары оқу орындарының барлық жүйесіне кері әсерін тигізді. 2020 жыл цифрлық технологиялардың журналистік білім берудегі маңыздылығын көрсетті. Кейбір ЖОО студенттері технологиялар мен ресурстарға қол жеткізе алмай қиналды. Әсіресе Қазақстанның шалғай елді мекендерінде тұратын студенттердің көпшілігінде сапалы интернет пен қажетті техникалық құрал-жабдықтар болған жоқ. Қашықтан оқуға студенттердің барлығы бірдей бейімделіп кетті дей алмаймыз. Қашықтан білім беру қосымша ресурстар мен уақытты қажет ететіндіктен, цифрлық білім беру технологиясын меңгеру, қашықтан білім беруді ұйымдастыру барысындағы қиындықтарды оқытушылар да бастан кешірді. Алайда кез келген қиындық жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын түсіндік. Оқытушы-профессорларда мамандыққа деген шығармашылық көзқарас пайда болды, оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін бұрынғыдан да белсенді қолдана бастады. Университетте мониторинг, бағалау, емтихан алу жүйелері жедел қайта құрылып, жетілдірілді. Мәселен, классикалық емтиханға қоса студенттің құзіреттілігін тексеруге өте ыңғайлы шығармашылық емтихан түрі енгізілді. Бұл емтихан түрі студенттің тек теориялық білімін ғана тексеріп қоймай, шығармашылық өнім туғызудағы қабілеті мен кәсіби қызметке бейімделу деңгейін де анықтауға мүмкіндік берді.  

Пандемия қоғамдағы коммуникациялық үдерістерге елеулі ықпал етті. Қашықтан оқыту педагогтармен, саламен, өндіріспен жанды қарым-қатынасты ауыстыра алмайды. Тура байланыстың болмауы салдарынан материалды меңгеру деңгейін бағалау оңай емес. Тақтаның алдында студенттің көзіне қарап тұрып, дәрістен алған әсерін ұшқындаған жанарынан аңғару бір басқа да, монитордың алдында отырып, техника мен интернетке тәуелді болу бір басқа. Сондықтан жоғары білім берудің әлеуетін нығайтып, тәуекелді басқарудың стратегиялық жоспарын құру, оны дамыту, аралас оқытудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру, технопарктердің базасын нығайту кезек күттірмес мәселелер. Шалғай өңірлердегі студенттердің техникалық қажеттіліктері мен оқу барысында кездесетін өзекті мәселелерін анықтап, әлеуметтік көмек көрсету де күн тәртібінен түспейді. Қазір наурыз айымен салыстырғанда жағдай едәуір түзелді. Техникалық тұрғыдан барлық веб-ресурстар мүлткісіз жұмыс істейді. Қорыта айтқанда, онлайн оқыту профессор-оқытушылардың біліктілігі, техникалық мүмкіндіктер мен оқу орнындағы оқу-әдістемелік қызметтің тоғысуы нәтижесінде жүзеге асады.

Тағы бір өзекті мәселе - білім алушылардың өндірістен кәсіби практикадан өтуі қиындады. Қазіргідей цифрлық сауаттылық пен машықтар бірінші орынға шыққан пандемия жағдайында практикалық білім алуға ресурстардың жеткіліксіздігі, инфрақұрылымдық мәселелердің орын алуы, үздікісіз білім беру бағдарламаларын қамтамасыз етуге мүмкіндіктің болмауы кедергі болатыны даусыз. Кейбір мекемелер студенттерді өндірістік тәжірибеден өткізуді кейінге қалдырды. COVID-19 жағдайында білім алушылардың басым бөлігі практиканы қашықтан өтті. Республикалық бұқаралық ақпарат құралдары, агенттіктер мен ірі қалаларда бұндай формат тәжірибе бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкіндік берсе, ауылдық жерлерде жағдай күрделі болды. Кейбір редакциялар жаз бойы жұмыс істеген жоқ. Ал тәжірибенің бұйрықтары келісім-шартқа сәйкес алдын-ала жасалып қойғандықтан, студенттерді тез арада факультет сайттарында, факультеттің радио, телестудияларында практикадан өткізуге тура келді. Осылайша форс-мажор жағдайларына дайын болу қажеттігін өмірдің өзі көрсетті. 

         Ғылыми зерттеулер жүргізудегі цифрлық технологиялардың маңызы зор. Пандемия жағдайында халықаралық онлайн конференциялар арқылы әлемнің түкпір-түкпіріндегі ғалымдар бір алаңда журналистика мамандығы, шығармашылық, БАҚ индустриясы туралы ашық пікір алмасып, ойларын ортаға салуда. Бұл ғалымдардың ынтымағын арттырып, бірлескен медиазерттеулерге жол ашты.

Бүгінде журналистика факультетінде ғылыми-білім беру мектептері қалыптасып келеді. Бұл ұлттық университеттің дамуының негізі болып табылатын уақытпен үндескен міндеттер. Ғылыми-зерттеулердің пәнаралық сипат алуы жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Ғылыми мектептер профессор-оқытушылар мен студент, магистрант, докторанттарды түрлі саладағы ғылыми тақырыптар аясында біріктіре отырып, іргелі зерттеулер жүргізеді, жас ғалымдарды даярлап, ғылыми жобаларды жүзеге асырады. Жасанды интеллект, медициналық журналистика, экологиялық журналистика, климат өзгерісі, когнитивті ғылымдар т.б. салаларда идеялар алмасып, маңызды мәселелерді шешуге ықпал етеді. Ғылыми мектептің тағы бір мақсаты – жастардың ғылымға қызығушылығын ояту.  Сонымен қатар, білім беру мен ғылыми-зерттеуді тиімді үйлестіру алынған нәтижелерді оқытуда қолдануға ықпал етеді әрі кафедрадағы ғылыми-зерттеулер оқытушылардың ғылыми әлеуетін арттырады. 

Бүгінде жоғары білім беру міндеті білім алушыларға тек академиялық және кәсіби білім беріп қана қоюмен шектелмейді. Сонымен қатар, жаңа машықтарды өз бетінше меңгеруге, ерекше шешімдер қабылдауға қабілетті шығармашылық тұлғаны қалыптастыруды көздейді. 

Кафедраның білім беру бағдарламаларының мақсаты - халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті мамандар даярлау. Осы орайда ауқымды теориялық материалдарды игеруге арналған бұрынғы дәстүрлі білім беру бағдарламаларынан бас тартып, кәсіби қызметке университет қабырғасынан бейімдейтін практикалық машықтар мен құзіреттіліктер қалыптастыратын білім беру бағдарламаларын енгіздік. Мәселен, «Цифрлық PR» білім беру бағдарламасының мақсаты - PR мен коммуникацияның заманауи үздік жетістіктеріне негізделген құзіреттіліктер қалыптастыру. Мамандықты бітіріп шыққан студент PR-жобалар жасауға, компанияның имиджін, абырой-беделін қалыптастыруға, тауар, қызметтің брендін дамытуға қабілетті болады. Онлайн құралдарды, аудио, бейне, IT-технологияларды пайдалана отырып, қоғамдық-маңызды ақпараттарды жазу, коммуникациядағы стратегиялық жоспарлау, жаңа және дәстүрлі медиа редакцияларымен, блогер, стейкхолдерлермен өзара қызмет ету модельдерін қолданады. Пандемия нарықтағы PR-стратегияны мүлдем өзгертті. Жаңа трендтер пайда болды. Дағдарысты басқарудағы, маркетингтік коммуникациядағы PR-дың рөлі артты. Жаңа цифрлық құралдар мен әдістер, креативті идеялар алдыңғы қатарға шықты. Міне, осындай үрдістер жаңаша талап қойып, жаңаша білім беруді талап етеді. 

Біз топ университеттердің көрсеткіштеріне бағытталып, бәсекеге қабілетті болуды көздейміз. Осы мақсатта жаһандық рейтингте даму, цифрландыру, университеттің әлемдік танымалдылығын арттыру сынды нәтижеге бағытталған міндеттерге кафедра да өз үлесін қосып келеді. Қазіргі таңдағы білім берудің бәсекелес нарығы,  нарық талабының өсуі осыны талап етеді. Кафедра мамандықтары FIBAA агенттігінің халықаралық аккредитациясынан өткен. Тұрақты даму мақсаттары бойынша жас PR мамандарына, журналистерге халықаралық маусымдық мектептер ұйымдастырылады. Кафедрада шетелдік студенттер білім алады, сондай-ақ, шетелдік профессорлар сабақ береді. 

Халықаралық оқыту стандарттарына бағыттала отырып, оқытудың ұлттық сипатын да білім алушылардың бойына сіңіруге тырысамыз. Оқытушылардың кәсіби деңгейін үнемі жетілдіру мақсатында шетелдік үздік жоғары оқу орындарынан ғылыми тағылымдамадан өтуге жағдай жасаймыз.  Кафедрада екі мамандық бойынша үш деңгейде білім беріледі, ағылшын топтары бар. Сондай-ақ, «Болашақ» бағдарламасы бойынша бітіріп келген мамандар, өндірістен келген топ-менеджерлер дәріс береді. Студенттерге кәсіби құзіреттілік қалыптастыру мақсатында жұмыс берушілермен тығыз байланыс орнаттық. 40 пайызға жуық дипломдық, магистрлік жұмыстар өндірістегі мекемелердің тапсырысы бойынша орындалады. 


Назгүл Шыңғысова, 

филология ғылымдарының докторы,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры,

ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және

 қоғамдық медиа кафедрасының меңгерушісі 


https://www.kaznu.kz/ru

Басып шығару
buy lasuna pills - buy lasuna order himcolin generic

besivance generic - buy carbocisteine pills for sale purchase sildamax online cheap

benemid ca - carbamazepine 400mg pill order carbamazepine 400mg pills

cheap diclofenac 100mg - order diclofenac 100mg online cheap buy aspirin 75mg pills

cheap rumalaya pills - buy shallaki online cheap buy elavil 50mg pill

pyridostigmine 60mg drug - buy mestinon no prescription buy generic imuran online

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15