Mazir
17 июн 15:38korilim:1 071 Madeniet

«Терминологиялық база: тәжірибе және технология» республикалық әдістемелік семинарының баспасөз аңдатпасы

2021 жылдың 23 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті                            Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе отырып, «Терминологиялық база: тәжірибе және технология» атты республикалық әдістемелік семинар өткізеді.

Семинардың мақсаты – терминтанушы ғалымдар мен ІТ саласы мамандарының семинардағы пікірлерін ескере отырып, терминологиялық база қалыптастырудың халықаралық озық тәжірибелері мен инновациялық технологияларды зерделеу арқылы терминологиялық базаны жетілдірудің алгоритмін әзірлеу.

Кез келген іздеу бағытында жұмыс істеуге қабілетті, пайдаланушыны терминология бойынша стандартталған және ұсынылған ақпаратпен мейлінше толық қамтамасыз етуді көздейтін, құрылымы жағынан икемді автоматтандырылған жүйені қалыптастыру – қазақ терминологиясының өзекті мәселелерінің бірі.

Семинарда белгілі терминолог ғалымдар – филология ғылымдарының докторы,  профессор, ҚР ҰҒА академигі Шерубай Құрманбайұлы, филология ғылымдарының докторы Сәбира Исақова, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары Сәрсенбай Құлманов және осы мәселемен маманданып жүрген жас ғалымдар баяндама жасайды.

Іс-шараға лингвист ғалымдар, орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, БАҚ өкілдері және т.б. қатысады.

Семинарға қатысушылар үшін Zoom платформасы және «termincom.kz» сайтының YouTube каналы арқылы іс-шараға қатысу мүмкіндігі қарастырылған.  

Нұр-Сұлтан қаласы                                         2021 жылғы 23 маусым 

Өтетін орны: Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық                        ғылыми-практикалық орталығы, Сауран көшесі, 7 а.

Басталуы: сағат 10.00

Тел.: 8 (7172) 27-30-42, 74-14-97

е-mail: m.orazgul@tilqazyna.kz 

Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15