Mazir
05 июн 17:06korilim:732 Madeniet

Алмас ақын атамекенде

РӘМІЗДЕР КҮНІ АТАМЕКЕНДЕ

Мекені деп бабамның,
мекені деп батырдың,
бір шетінен даламның 
боздап келе жатырмын.

Толғанысым қаншама
Атамекен сендегі.
Шетте ғасыр болсам да,
бір күніңе тең бе еді...!

Бұл шумақтарды азамат болып, Ақын болып, Атамекенге алғаш аңсарымыз ауғанда жазғанбыз.    
Бүгінде Атамекеніміздің орталығы Өскеменде бір кісілік көңіліміз үшін сондай мәндегі теңдессіз  күн болды.
 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ РӘМІЗДЕР КҮНІ
Ту түбіне топталатын күн. Туды сүйетін күн. Күллі қазақтың көңіл көзімен Көктуға бір қарайтын күні. 
          
          Бұл - мерекені меншігімдей көретінім рас. Дәл қазір осы мерекеге орай Өскемен мен Семейде өтіп жатқан шаралардың кейіпкерімін. Тәуелсіздіктің 30 жылдығын тойлау аясында Рәміздер күні мерекесіне туралап, менің 60 қа толған мерей тойымды жасап жатыр. Атамекені ақын ұлын биікке көтерді. Тіпті, тура мағнасында биікке 1000 метір тау басындағы ту түбіне көтерді. 

         Алтай тауының биігінде Ертісьің самалымен жазыла желбіреген жыйырма құлаштай алып туға түбінде тұрып жыр арнау ақын рухын асқақтататын сәттер. 

Қазақстан Шексіз сүйіп елжіреп,
Аз ғұмырда арнайын мен көп қайрат.
Аспаныңда мәңгі тұрсын желбіреп,
Жаннан қымбат!
Жаннан қымбат КӨКБАЙРАҚ! 

Туға қарап тұрып мен оқыған өлеңнің соңын ақын інім Қалқаман САРИН қаршып алып, шабыттана шалқыды. Бұл мереке бізге рух берді.

Мынадай қыйын уақытта ақынының мерейтойын мерекемен көмкеруге нұсқау берген Обылыс басшысы Даниял Кенжетайұлына, Атамекегіне ақын інісін дәріптеп хат жазған Ұлықбек Есдәулет ағама, “Ұлтсүйгіш, шара Шығыс өлке үшін маңызды” деп қолдап,  үн қатқан мемлекетшіл, әлеуметшіл депутат Ерлан Сайыров ініме, Өскеменнің әкімі Жақсылық Мұқашұлына, Нұротан партиясы облыстық бөлімі хатшысының орынбасары Олег Чугунковқа риза сезіммен сәлем жолдаймын!
      
Өскемен қаласы мәдениетінің бастығы ақын  Қалқаман Саринге, 125 жылдық тарихы бар Пушкин атындағы кітапхана және Оралхан Бөкей атындағы кітапхана ұжымдарына көркем ізденіспен ұйымдастырған кездесу үшін алғыс айтамын.

Алтай теле арнасына сонымен бірге Ақынның 60 жылдық мерей тойы үшін арнайы бағдарламамен ауқымды шығармашылық кеш ұйымдастырған Сәрсен Аманжолыов Университетіне, Ректоры ТӨЛЕГЕН Мұқтар Әділбекұлына, Ақын ағасын қолтықтап, арнайы Алматыдан бірге ұшқан Дәурен Қалметұлы мен Гүлшаш Әубәкірқызына және Ертіс бойына түскеннен табанымызды жерге тигізбей қызмет еткен Нұротан партиясы, саясат бөлімінің жетекшісі Саят Ибраевке, Семей қаласы мәдениет бөлімінің басшысы Назерке қарындасқа шараға белсене қызмет етіп, атсалысқан қалың жерлестеріме  ақынның көңілімен толқып тұрып сөз арнаймын.
        
Дәл осы күні “Қазақ Әдебиеті” газетіне әсерлі мақала ұсынған Профессор Тұрсынхан Зәкенге, ауқымды мақаланы айқара бетке салып, қолдау көрсеткен Бас редактор Дәурен Қуат ініме шабыт, бақыт, есендік тілеймін. 

Мерей тойдың жалғасы Семейде -Абай үйінде өтеді.
      
Алмас Ахметбекұлы 04.VI. 2021
 Өскемен.
Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15