Mazir
21 мар 11:48korilim:1 019 Madeniet / Adebiet

Ғасыр жасаған газет

Осыдан тура бір ғасыр бұрын – 1921 жылдың 21 наурызында бүгінгі «Жас Алаш» газетінің алғашқы саны жарияланды. Қазақ жастарының алғашқы басылымын ашқан Ғани Мұратбаев бас редактор болып, жауапты хатшылыққа Ілияс Жансүгіров тағайындалыпты. Міне, содан бері заманалар ауысып, аттай жүз жыл өте шығыпты. 

Ташкент қаласында шыға бастаған газет қаржы тапшылығы, редакциялық алқа мүшелерінің аздығы сияқты қиындықтарға ұшырап, 1927 жылға дейін «Жас қайрат», «Өртең», «Жас қазақ» сияқты атаулармен шығып тұрды. Тіпті, кей жылдары С.Сәдуақасов, А.Байтұрсынов, Б.Майлин, М.Әуезов, С.Сейфуллин, Ж. Аймауытов сияқты атпал азаматтар жас басылымға қамқорлық көрсетіп, аты жұртшылық жадынан өшпесін деген ниетте «Еңбекші қазақ» газетінің бір бетіне шығарып отырғаны тарихтан белгілі. 

Ұлт басылымы 1927 жылы «Лениншіл жас» деген атауға бекіп, сол атаумен Тәуелсіздік алған тұсқа дейін басылды. Газеттің аса жоғары деңгейге көтерілген уақыты деп 80-90 жылдарды айтуға әбден болады. Осы аралықта қазақ журналистикасы да ерекше гүлденіп, жас журналистер газеттерге лекпен келді. 

Шерхан Мұртаза бас редакторлықты босатып, басқа қызметке ауысқан соң орынына Сейдахмет Бердіқұлов отырып, жер-жердегі қазақ жастарын қызметке тартты. Оның дәуірінде газет таралымы ерекше көтеріліп, «Лениншіл жас» тек жастар оқитын емес, жалпы жұртшылық оқитын басылымға айналды. 

1991 жылы Тамыз оқиғасынан кейін Сейдағаңнан кейін келген бас редактор Уәлихан Қалижан мен оның орынбасарлары Ерғали Сағат және Жарылқап Бейсенбаев өзара ымыра жасап, газеттің атауын «Жас Алаш» деп өзгертеді. Ертеңіне газет ертеде Ғ.Мұратбаев қойған атаумен жарқ ете қалған. Мұндай тәуекелке барған азаматтарға әлі күнге дейін көпшілік тік тұрып құрмет көрсетеді. 

«Жас Алаш» газетіне сексенінші жылдары бірнеше буын журналистер келді. Олардың көпшілігі қазіргі күні түрлі салада абыройлы қызметтер атқарып жүр. Шерағаң мен Сейдағаңнан кейін қуатты басылымның күшін кемітпей, беделін ортайтпай басқару да оңай емес. Ұлт алдындағы осындай ауыр аманатты арқалаған Уәлихан Қалижан да тарихи миссиясын жоғары деңгейде атқарып шықты. 

Уәлихан Қалижан бас редактор болып тұрғанда газетте Несіп Жүнісбаев, Өтеген Оралбаев, Сапарбай Парманқұлов, Дүрәлі Дүйсебаев, Қасым Әзімхан сияқты журналистер қызмет етіп жатқан еді. Екінші лек болып Бауыржан Омаров, Төрехан Данияр, Бейбіт Исабаев, Әділбек Қаба, Ғалымжан Мелдешов, Қыдырбек Рысбек, Әділ Қойтанов, Құлтөлеу Мұқаш сияқты журналистер қосылды. 

«Жас Алаш» газетінің жанынан кезінде «Ырғақ», «Мыңнан бір мезет», «Мақатаев – 22» деген сияқты қосымша басылымдар, айдарлар ашылып, ерекше бастама көтерілгенін оқырман қауым біледі. Әсіресе, «Ырғақ» қосымшасының бетінде есім-сойы жарияланған өнерлі ұл-қыздар бір күнде танымал болып шыға келетін. Міне, бір өзі бір дәуір болған «Жас Алаш» - осы. 

Шерағаңның, Сейдағаңның, Уәлихан Қалижанның, Нұртөре Жүсіптің тұсындағы «Жас Алаш» бағытын өзгерткен жоқ. Әлі күнге дейін өткір сынын, халық сөзін айтып, өз биігінде келе жатыр. 

Сол сарын әлі күнге жалғасып келеді. Ғасыр бойы халықтың үнін жариялап келе жатқан «Жас Алаш» - бұл. Бүгінде газет тізгінін ұстап отырған редакция алқасына алғыс білдіре отырып, басылым тарихында қаламының ізі қалған барша азаматтарды мерейлі мерейтоймен құттықтаймыз!
Басып шығару
brand lasuna - brand lasuna himcolin tablets

besifloxacin price - buy besifloxacin buy sildamax

buy generic neurontin - buy motrin online purchase sulfasalazine for sale

buy benemid 500mg pills - buy benemid without prescription carbamazepine 400mg uk

mebeverine for sale - mebeverine order buy pletal 100mg generic

cambia order online - buy cheap aspirin buy generic aspirin 75 mg

where to buy rumalaya without a prescription - buy shallaki cheap order amitriptyline 10mg pill

buy pyridostigmine 60 mg generic - purchase sumatriptan for sale imuran for sale

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15