Mazir
05 мар 22:54korilim:915 Madeniet

Аққа күйе жағуға болмас


Кинорежиссер Ермек Тұрсынов таяуда «Аргументы и факты» апталығына  (03.03.2021) «Подгнивший культурный слой?» деген мақала жариялапты. Бірқанша фильмдерімен қазақ киносына олжа салған режиссер қоғамдағы ахуалға қатысты ой-пікірлерімен ақиқат іздеген азамат сияқты көрінетін. Ал мына жарияланымы мені біржақты ұстанымымен таңырқатты. Әрі арнайы тапсырыспен жарияланған сияқты әсер қалдырды. Өйткені Мемлекет басшысының тапсырмасымен латын негізді қазақ әліпбиін жетілдіруге, оның соңғы нұсқасын өмірге ендіруге орасан еңбек сіңіріп жүрген Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованы күстаналап, жерден алып, жерге салып орынсыз айыптауға тырысқаны жай қарағанда-ақ көзге ұрып тұр. Мәдениет саласын тығырыққа тіреген бұрынғы экс-министрлер туралы еш гәп жоқ. Барлық проблема осы қызметке тағайындалғанына небары бір жарым жыл болған Ақтоты Рахметоллақызы тұсында ғана туындап жатқан сияқты.    

Мен министрді қорғаштағым келіп отырған жоқ. Ақтоты Райымқұлова Е.Тұрсынов айтатындай еліміздің мәдениет саласы үшін кездейсоқ адам емес. Әрі  орынтағына жабысып қалған шенеунік те емес, ол шығармалары әлем сахналарында орындалып жүрген, халықаралық деңгейде танылған музыкант, композитор. Ол доғарысқа кетсе ертесіне-ақ өз мамандығымен жұмыс істей беретін маман, профессор.  

Мен тек Ақтотыны қаралауға тырысқан қадамға қазақ зиялылары атынан жауап бергім келеді.  «Өткен жылы 1-қаңтар мен 25 тамыз аралығында министрліктен 18 адам жұмыстан кетті» дейді. Ұйымдастырылған шаруа екені көрініп тұр ғой. Әйтпесе кино саласында жүрген Ермек Тұрсыновтың  министрліктің ішкі кадр мәселесінде шаруасы не?  Сондағы «өкпелі» біреулердің сөзін сөйлеп тұрғаны. Министрліктің бұрынғы қызметкерлері режиссер Тұрсыновтың қолымен өш алғысы келгені байқалады. Кадр мәселесінің бәрін министр жалғыз өзі шешеді дегенге өз басым сенбеймін. Өйткені жоғары тұрған Үкімет, Ақорда, Кітапхана басшылығының министр арқылы жүзеге асыратын өзіндік кадр саясаты болады. Сондықтан «кадр ағымына» жауапкершілікті бір адамға итере салу орынсыз. Оның үстіне жұмыстан кетті деген 18 адамның мен білетін бірнешеуі Ақтотының алдындағы министрдің кезінде кеткен болатын.      

Ақтоты Райымқұлова ханым өткен жылдың соңында Алматыда қазақ зиялы қауым өкілдерімен, жазушы-журналистермен кездесу өткізген. Сонда министрліктің қысқа мерзімде жасаған қомақты шаруалары туралы баяндап берген. Ермек мырзаның сол кездесуде болмағаны, министрліктің жылдық есебімен таныспағаны өкінішті. Жалаң болмас үшін мен екі-үш мысал ғана айта кетейін. Сонда министр ханым еліміздің мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы 2020 жылғы 1-қаңтардан бастап 50 пайызға көбейтілгенін, физкультура пәні мұғалімдерінің жалақысы 100 пайызға, мәдениет пен өнер саласындағы ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өсірілгенін, 2020 жылдан бастап мемлекеттік тапсырыспен шығарылған кітап авторларына орташа есеппен 4,5 млн теңгеден  қаламақы төлене бастағанын айтқан болатын.  

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи мавзолейі, ішінде «Сауран», «Яссы», «Сарайшық», «Баласағұн», «Бозоқ»   қалашықтары сияқты ревтаврацияланатын   600-ге жуық нысанда жұмыстар жүргізіліпті. Туғанына 175 жыл толуына байланысты Абайдың Жидебайдағы «Абай-Шәкірім» мемориалдық кешені, «Ұлжан-Зере» мавзолейі, Бөрілідегі Мұхтар Әуезовтың музей-үйі, Ахмет Риза мешіті мен медресесі аумағында абаттандыру жұмыстары аяқталған. Абай еңбектері сегіз тілге аударылыпты. АҚШ-та, Белгияда, Біріккен Араб Әмірліктерінде, Литуада Абай орталықтары, Қазақ мәденетінің орталықтары ашылды. Алтын Орданың 750 жылдығына орай  «Ұлық Ұлыс» атауымен Ұлытау визит орталығы, «Жошы хан» тарихи-мәдени кешенінің құрылыстары аяқталып келеді. Алаша мен Жошы хандардың мавзолейлерінде реставрациялық жұмыстар жасалды. Әл Фарабидің 1150 жылдығына орай Отырар қалашығында реставрация жүргізілуде. Мәденет саласының ірі бес мекемесіне ұлттық, екі театрға академиялық мәртебелер беріліп қуанғанымыз кеше ғана. Өкілі Ермек Тұрсыновтың өзі болып табылатын «Қазақфильм» киностудиясында тек өткен жылы ғана 25 фильм түсірілді. Сол фильмдер халықаралық 55 кинофестивальға қатысып, түрлі-түрлі 28 жүлдеге ие болды. Биыл енді мемлекет тарапынан «Қазақфильмге» киноөндіріске бөлінетін 100 пайыз қаржыландырудың кемінде 50 пайызы көлемінде қосымша қаржыландыру көзделуде.  Құдай қаласа, биыл шығармашылық одақтардың жалпы құны 150 млн теңге болатын 11 жобасы жүзеге асырылайын деп отыр. Бұл тек біздің естігеніміз ғана.  

Сондықтан аққа күйе жағуға болмас. Ал Қазақстан халқы мәдениетінің кемшіліктеріне жалғыз Ақтоты кінәлі емес. Оған бәріміз де әсіресе Ермек Тұрсынов өкілі болып табылатын зиялы қауым біз де кінәліміз!

Жазушы-публицист

Марат Бәйділдаұлы (Тоқашбаев)

Жазба автордың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.

Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15