Mazir
26 фев 22:51korilim:617 Madeniet

Халықаралық дөңгелек үстел өтті


Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылғы 26 ақпанда «Көк тудың желбірегені» халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Ісшараны Тіл комитетінің төрағасы Әділбек Қаба кіріспе сөз сөйлеп ашты. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында көрсетілген өзекті мәселелерді талқылауға жиналып отырғанын атап өтті. 

Тәуелсіздік алғаннан бері жүзеге асып жатқан рухани құндылықтарымызды түгендейтін бағдарламалардың шетелдегі қазақ диаспораларына ықпалы мен әсерін талдау, ұлттық болмысымыздан, төл мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізден ажырап қалмаудың негізгі тетіктерін саралау, Қазақстан тарихы, салт-дәстүрі, рухани құндылықтары туралы ғылыми мәліметтер мен ақпараттардың шетелдегі қандастарға таралу мәселесі өзекті тұр. 


«Жер шарының түкпір-түкпірінде тұрып жатқан ағайындарымыздың бәрiне ортақ ерекше бiр қасиет – өз ұлтына деген мақтаныш сезімі бар, кеуделерінен алыс атамекенге деген мәңгi сөнбес сағыныш лебі есіп тұрады. Біз бәріміз бір атаның балаларымыз, бір Алаштың бұтағымыз. Қуанатынымыз, қай жерде жүрсеңдер де, қай елде тұрсаңдар да, туған халқымыздың шежiресi мен тарихын ту қылып ұстайсыздар; халқымыздың сан ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрiн, әдет-ғұрпын шексiз құрметтеп, ана тiлiн ардақтап келесіздер. Бұл бас қосу – соның бір дәлелі. Мемлекет басшысы өз мақаласында қандастарымыздың атамекенге оралуын барынша қолдап, бұл істі жандандыруды, ортақ Отанымыздың босағасын берік, шаңырағын биік ұстап, түтінін түзу ұшыруға біріге жұмылуға шақырады», – деді ол.  

Онлайн бас қосуда Португалияның Синтра қаласынан VMESTORES Lda менеджері Исмира Алтыбаева, Ресейден Самара аймақтық қоғамдық ұйымы «Самара қазақтары» Мәдениет орталығының президенті Салауат Асқарұлы, Өзбекстаннан Әжінияз атындағы Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының доценті Тұрсынай Төрткүлбаева, Түркиядан қазақ және түрік тілдерінде шығатын «Қазақ елі» халықаралық журналының редакторы Нұргүл Берікболова, Моңғолиядан Білім институтының ғылыми қызметкері Сандуғаш Харриқызы өз жүрекжарды пікірлерін ортаға салды.

Олардың тебіреніске толы сезімдерін сөзбен жеткізу мүмкін емес.

Президент Қ.Тоқаевтың толғауы тоқсан әрқайсысының мақаласы жүрек қылын шерткені көрініп тұр. Шетінен толқып тұрып баяндады. 


Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы Мөлдір Бақытқызының «Тіл үйретудегі жаңа технологиялар» баяндамасының шетелдегі қандастарымыз үшін үлкен әсері болғаны сөзсіз. 

Қорыта айтқанда, мемлекеттік мәртебеге ие болып отырған қайран ана тіліміздің қайда да бірге екенін, қаншалықты жүрегімізге жақын екенін тағы бір сезінгендей едік.


Басып шығару
lasuna medication - diarex generic order himcolin online cheap

oral besifloxacin - purchase besivance eye drops purchase sildamax online cheap

buy neurontin pill - buy motrin 600mg generic azulfidine 500 mg tablet

celebrex pill - flavoxate buy online indomethacin tablet

cost colospa 135mg - pletal oral purchase pletal

order diclofenac online cheap - voltaren 50mg for sale aspirin pill

rumalaya brand - buy cheap generic shallaki amitriptyline 50mg us

how to get mestinon without a prescription - buy imitrex 25mg online purchase imuran pill

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15