Mazir
31 дек 16:10korilim:806 Madeniet

Ұлт руханиятын ұлықтайтын - Шалқар радиосына 55 жыл!

Шалқар ұлттық арнасы 1966 жылдың 1 қаңтарында ақпаратты-сазды Шалқар бағдарламасы атауымен алғаш эфирге шықты. 1998 жылы жұмысын уақытша тоқтатқанымен, 2002 жылы қайта ашылып, алғашында тек Алматы қаласына, кейіннен эфир уақыты ұлғайып, Республика аумағына хабар таратты.
Шалқар радиосы - республикадағы тек қана қазақ тілінде ұлт руханиятын ұлықтайтын жалғыз арна. Радио қазіргі кезде ел аумағының 64 пайызын қамтиды.

Шалқар ұлттық арнасының  басты мақсаты - қазақ халқының рухани құндылықтарын насихаттау. Алғаш ашылғанда «Өнерім-өмірім», «Атадан қалған асыл сөз», «Жеті ғасыр жырлайды», «Алтын тамыр» сынды бағдарламалар арқылы тыңдарман жүрегіне жол тапты.   

Радиода әр жылдары белгілі журналистер: М.Жантикин, Е.Әбдіғаппаров, Т.Рсаев, У.Қыдырханов, Е.Қашқынов, К.Әбдімәуленов, К.Әмірбек, Ғ.Есенсариев, А.Еңсебайұлы, С. Тұрсынбаев, Т.Момбекұлы, Ғ.Игісін, Д.Исабеков, Г.Қабланова, А.Иманбаева, Л.Қапышевалар және талантты дикторлар: С.Жақанова, О.Қалмырзаев, Ұ.Бармашқызы  жұмыс істеді.

Қазақ әдебиетінің сүбелі шығармаларын, ұлттық музыкасын, ғасырлар қойнауынан жеткен ғұламалар ғибратын кеңінен насихаттауды мақсат тұтқан арна «Шалқар таңы», «Шалқар шаңырағында, «Шалқар кеші көңілді», «Ән домбыра», «Алтын қор», «Әлқисса», «Сөз киесі», «Ағалардың алақаны», «Киелі Қазақстан», «Күй шашу», «Дәуір сазы», «Әдебиет әлемі», «Абай ұлағаты», «Дәстүр», «Жақсының жары» және «Бесігіңді түзе», «Қонақжай Алматы», «Ғылым кілті», «Сахна сыры» сынды т.б. хабарларын ұсынып келеді. 

Шалқар радиосы ұлттық арна атына сай 2020 жылдың 1 қыркүйегінен басталған жаңа маусымнан тек қана қазақтың дәстүрлі музыкасы мен төл өнерін, ұлттық мәдениеті мен әдебиетін, бабалар мұрасы - қазақтың әні мен күйін, сағындырған  ретро музыкасын, өткенімізден сыр шертетін «Алтын қордағы» асыл қазыналарын насихаттауға түбегейлі бет бұрды. Яғни, Шалқар радиосының контенті де, музыкасы да таза ұлттық бағытқа көшті. Эфирден берілетін музыкалары: тек дәстүрлі музыка, халық әндері, күй, жыр, толғаулар, оркестрде орындалған күйлер, термелер, күйлер мен ретро т. б. Ал арнайы эстрадалық музыкаға арналған  бағдарламада ғана эстрадаға өңделген халық әндері мен қазақы сипаттағы эстрадалық әндер берілуде.
Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздары анықталды11:13Моңғолия: халық жаппай шеруге шықты11:18ЖІБЕК ЖОЛЫ, 5011:36Екібастұзда 17 көпқабатты тұрғын үй орталық жылу желісіне әлі қосылмады10:51Қаңтар оқиғасы: Қызылорда облысында 122 адам рақымшылыққа ілінуі мүмкін12:00Қазақстанда жел электр станциясы салынады09:58Қазақстанда экспорттың рекордтық көлемі тіркелді10:32ОСК Президент сайлауының алдын ала нәтижесін жариялады13:58Президент сайлауы: үшінші Exit poll нәтижесі жарияланды08:33Желіде заңсыз митингілерді өткізу туралы ақпарат таралуда - Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жасады10:42Теңгенің жаңа дизайны. Блогерлер ұсынған нұсқа.15:17Қарағанды маңындағы апатқа байланысты жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтады10:22Уақыттың өзіне де уақыт керек08:41Бақытгүл Хаменова 7 жылға бас бостандығынан айырылды13:32Мемлекеттік шекараны бұзғандарға жауапкершілік күшейтіледі16:22Мемлекет басшысы Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады12:36Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан барлық мемлекеттің территориялық тұтастығын сөзсіз қолдайды13:52Риддердегі төтенше жағдай: Ақау шыққан қазандық қалыпты жұмыс істеп тұр11:10Көпен қайтты – сөз семсердің суы қайтты12:32Жаңа қазақ әліпбиін бүкіл түркі әлемі оқи алатын болады – ғалым10:28Мәжіліс депутаты: «АрселорМиттал Теміртау» АҚ басшылығын ауыстыратын кез келді»16:11«Алматыэлектрокөлік» ЖШС: Соқтығысқан автобустардың тежегіші істен шыққан жоқ14:55Мәжіліс депутаттары шахтада қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды11:45Қазақстан президенттігіне үміткерлердің теледебатына қанша қаражат жұмсалады?14:27Қасым-Жомарт Тоқаев: Радикалды ағымдар мен діни сепаратизмге ортамызда орын жоқ12:35Мемлекеттік тілді білмейтіндерге Қазақстан азаматтығын бермейтін заң қабылданады15:49Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарларының ісі сотқа жетті11:43Жол ережесін бұзған ресейлік блогер жазаланды14:10Қапшағай су қоймасында шабақтардың қырылуына байланысты іс қозғалды10:46Алматыда көлікті тонап келген екеу ұсталды14:30