Нұр-Сұлтанда баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы "Үркер-2020" ұлттық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды.
Салтанатты рәсімнің ашылуында ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева журналистер қиын кезеңде денсаулығына төнетін қауіпке қарамастан қазақстандықтарға шынайы ақпаратты жеткізіп отырғанын және оны жалғастыра беретінін атап өтті.
"Үркер - 2020" сыйлығының жеңімпаздары:
Жылдың үздік фотосуреті:
Сәкен Ділдахмет, тәуелсіз экологиялық шолушы.
Жылдың үздік репортажы:
Нұрсұлтан Мықтыбаев, Kyzylorda-news.kz
Жылдың үздік аналитикалық материалы:
Қайрат Жандыбаев, Strategy2050.kz
Жылдың үздік журналистік зерттеуі:
Михаил Козачков, "Время" газеті.
Жылдың үздік сұхбаты:
Гүлбаршын Сабаева, "Egemen Qazaqstan" газеті.
Жылдың үздік танымдық материалы:
Тимур Ниталиев, Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігі.
Радиостанциядағы үздік жоба:
Atyray радиостанциясының "Эфирде 102 FM" бағдарламасы.
Жылдың үздік жаңалықтар порталы:
Tengrinews.kz порталы
Жылдың үздік газеті:
Aq jol газеті
Жылдың үздік журналы:
"Жұлдыз" журналы.
Айта кетейік, "Үркер" ұлттық сыйлығы аталымдары қатарына биыл - Шерхан Мұртаза атындағы номинация қосылды. Бұл сыйлық - үздік публицистикалық материал авторына беріледі. Оны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, публицист Қайнар Олжай алды.
Барлық финалиске жеңімпаз сертификаты, "Үркер" естелік мүсіншесі және бір миллион теңге ақшалай сый табысталды.
Ұлттық сыйлықты ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі. Іс-шараға "Қазақстан" РТРК мен "Хабар" Агенттігі" АҚ демеушілік жасады.
Басып шығару