Mazir
30 окт 19:28korilim:739 Madeniet

Үш күндік курс аяқталды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 30 қазан күні   онлайн режімде үш күнге созылған «Қазақ тілін үйрету: халықаралық және қазақстандық тәжірибе» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын аяқтады. 
Шетелдердегі қазақ мәдени орталықтарына ғылыми-әдістемелік қолдау көрсетуді мақсат тұтқан шараға АҚШ, Ұлыбритания, Финляндия, Монғолия, Ресей, Германия мемлекеттерінде тұрып жатқан қазақ тілін оқытушы қандастарымыз қатысты. Арадағы уақыт айырмасына қарамастан айрықша ынта-жігер танытқан оларға «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры, филология ғылымдарының кандидаты Ербол Тілешов, Людвиг Максимилиан атындағы Мюнхен университеті Таяу және Орта Шығыс институтының PhD докторы Гүлсім Масақова, Назарбаев университеті Қазақ және түркология департаментінің оқытушысы, магистр Айдар Балабеков, Назарбаев университеті Қазақ және түркология департаментінің оқытушысы, филология ғылымдарының магистрі Раушан Мырзабекова, Haileybury Астана мектебінің қазақ тілі пәнінің оқытушысы Ақниет Озатұлы тіл оқыту тақырыбында дәріс оқыды. 
Курстың соңғы күні болған бас қосуында орталықтың Ақпараттық технология басқармасының басшысы, жас ғалым Мөлдір Бақытқызы «Сөздікқор кз» жобасымен таныстырды. Оның айтуынша, бұрын-соңды қазақ сөздеріне қатысты мәліметтер ПДФ форматында жасалғандықтан жүктеу кезінде кітап түрінде шығатын болса, еліміздің тіл саясатын іске асырудың мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынған бұл жоба экзель форматы арқылы кез келген жекелеген дербес сөздің анықтамасын, мағынасын еш қиындықсыз тауып береді. Әрі ұялы телефонға жүктелген Телеграм-бот көмегімен жұмыс жасау мүмкіндігі оның пайдалы да тиімді тұстарын еселей түседі. Бұл игі жобаны жүзеге асыруға екі жүзден астам ғалым-зерттеушілер тартылған екен. 
Бұдан кейін  Людвиг Максимилиан атындағы Мюнхен университеті Таяу және Орта Шығыс институтының PhD докторы Гүлсім Масақова «Қазақ тілін онлайн оқытудағы негізгі өзекті мәселелер және әлемдік тәжірибелермен үйлесімі» туралы әңгімеледі.
Әлемдегі қазақ тілін оқытушыладың алғаш рет басын қосқан бұл шара Назарбаев университеті Қазақ және түркология департаментінің оқытушысы, филология ғылымдарының магистрі Раушан Мырзабекованың «Шетелдіктердің тілдік деңгейін анықтауда қолданылатын тәсілдер» тақырыбындағы сабағымен өз мәресіне жетті.
Қазақстан Республикасы Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігі «Отандастар қоры» КеАҚ Президентінің кеңесшісі Дидар Болат атап өткендей, осы тұрғыда ұсыныстар түсіп жатса, келер жылы аясын кеңейту жағын қарастырылмақшы. Барлық қатысушылардың теңізге құйған бұлақ секілді ортақ тілегін білдіріп тұрған мына жүрекжарды лебізге құлақ түрсек, оның да ауылы онша қашық емес секілді: «Құрметті неше күннен бері жүрек тебіренткен қандастар! Бәріміздің тіліміз бен тілегіміз бір, қанымыз бен жанымыз бір, қайда жүрсек те аман болайық! Тәңірім бәрімізді қолдап-қоршап жүрсін! Отандастарыма, «Тіл-Қазына» орталығынын қызметкерлеріне, сабақ берген оқытушыларымызға ерекше алғыс білдіремін, әрдайым еңбектеріныз жана берсін! Алтын көпір жалғасын табады деп ойлаймын. Хабарласып тұрайық, байланысымыз үзілмесін, себебі біз үшін өте қажет. Аман-сау болайық!»
Барлық қатысушылар Тіл саясаты комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының арнайы Алғысхаты мен сертификатына ие болды.
Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15