Жиыналысты Мемлекет силығының иегері ақын ЕСЕНҒАЛИ РАУШАНОВ жүргізіп, алғашқы сөзді ақын ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВКЕ берген. Онда да модератор Раушанов кіріспе сөзді "Халқының адал перзенті ОЛЖАС ОМАРҰЛЫНА" деп айқындаған. Өзіне оңтайлы, ОРЫС тілінде сөйлеген Олжегең сөзді кеңес заманынан бастап, бүгінде кітап шығарудың қиындығына тоқталды. Сөзін жеке байланыста жолы болған бірер жазушының талантын тәлкек етумен жинақтаған Аға ақын "Халқымыз аман болсын, ақылды болсын!" деген төрт сөзді қазақша айтып сөзін тоқтатты.
Келесі жолы сөз алған Малайзиялық Ахмед Салах әдеби аударма, ортақ әдеби зерттеу иниституты, азиялық әдеби силық туралы да ұсыныс жасап өтті.
Сауыд арабиясынан келген жазушы әдебиет пен троризм жайлы сөйледі. Арап елдерінде жазушыларға қастандық жасайтын жайттер бар. Шын мәнінде жазушыға қастық жасаушылар олардың әдебиетін оқымығандар немесе оқи алмайтындар дейді спикер. Ал, жазушы одан қорықпайды. Арап саясаткерлерінде ӘДЕБИТТІ ҚОҒАМНАН АЛАСТАУҒА әрекеттену бар. Ал, әдебиет адасушының көзін ашумен, халықты радикалданудан сақтау үшін күресе береді" деді Арап жазушысы.
(Есімін жазып үлгермей жатырмын. Соңынан қосамын).
Иорданиялық Ибахым Насролла "жоғалған тілдер" туралы сөйЛЕП ЖАТЫР ...
Төралқа орнында - төрде отырған жеті жазушының арасынан ТӨЛЕН ӘБДІКОВ пен ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВТЫ танып отырмыз басқа бес сөзшең әр елден келген әйгілі қаламгерлер.
(тікелей әфир).
Басып шығару