Mazir
25 авг 19:00korilim:1 145 Madeniet

«Тәжірибе алаңы: тіл, әдістеме, нәтиже» тақырыбында семинар өтеді


2020 жылдың 26-28 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы онлайн режимде «Тәжірибе алаңы: тіл, әдістеме, нәтиже» тақырыбында тілді екінші тіл ретінде оқыту мәселесіне арналған халықаралық әдістемелік семинар өткізеді. 
Семинардың мақсаты –  Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясындамемлекеттік тілдің қолданылу өрісін кеңейту мақсатында қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру, халықаралық деңгейдегі тілді үйрету әдістемесімен танысу, өзара тәжірибе алмасу. 
Семинарда қазақстандық және  шетелдік жетекші ғалым-әдіскерлер мен білікті оқытушылардың тілдерді оқытуда өз тәжірибелерінде қолданатын   инновациялық технологиялары мен әдістері қатысушылар назарына ұсынылып,  тиімділігі екшеледі.  Халықаралық тәжірибедегі тілдерді ана тілі және екінші шет тілі ретінде оқыту әдістемесінің алуан тәсілдері көрсетіледі.
 Онлайн семинарға еліміздегі облыстық Тілдерді дамыту басқармасы және Тілдерді оқыту орталықтарының басшылары, ғалымдар, әдіскерлер мен оқытушылар, барлығы 300-ден астам тіл мамандары қатысуға ниет білдірген. Семинар тренинг, шеберлік-сыныптар түрінде өткізіледі.
Үш күндік семинарда Ұлыбританиядағы  «Unicorn Language Sсhool»  мектебінің директоры, ағылшын тілінің оқытушысы Сим Роберт, Түркиядағы Гази университеті «Tömer» тілді үйрету орталығының директоры,   профессор Незир Темур, Мәскеу қаласының Инновациялық-коммуникативтік лингвистика орталығының директоры, полиглот, синхронды аудармашы Дмитрий Юрьевич Петров, Башқұрт мемлекеттік университетінің оқытушысы, әдіскер-маман Римма Флюровна Мингазетдинова, сондай-ақ Алматы қаласындағы Сүлейман Демирел атындағы университет, Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі, Ахмет Байтұрсынұлы Білім академиясының   әдіскерлері өз тәжірибелерімен бөліседі.
Семинар қорытындысында  пікір алмасу, түйткілді сұрақтарға жауап алу мүмкіндіктері   болады.
Семинар соңында қатысушыларға сертификат беріледі.
Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15