«Коронавирус, кет, кет, кет» деп ән шырқаған әнші, композитор Марат Омаровты АҚШ президенті арнайы шақыртты. Шара пандемия аяқталған соң Америка президенті Дональд Трамптың ұйымдастыруымен өтеді.
Қазақстандық әнші-композитор Марат Омаров АҚШ-та өтетін қайырымдылық шарасына шақырту алды. Шара пандемия аяқталған соң Америка президенті Дональд Трамптың ұйымдастыруымен өтеді. Қазақстандық композиторды бүкіләлемдік композиторлар ассоциациясы шақырды.
«Бұл – әннің құдіреті. Менің «Коронавирус, кет-кет-кет» деген әнім хит болып кетті. Бүкіләлемдік композиторлар ассоциациясының мүшесі болғандықтан, өткен жылы желтоқсанда Нью-Йорк, Лас-Вегаста концерт бердік. Наурызда Майамиде концерт беретін болдық, бірақ коронавирусқа байланысты АҚШ президенті шараны кейінге қалдырды» – дейді композитор.
«Дональд Трамп пандемия біткен соң қайырымдылық шарасын ұйымдастырғалы отыр. Маған бүкіләлемдік композиторлар ассоциациясынан 2-3 күн бұрын хабарласты. Сол концертке қатысатындар тізіміне мені қосыпты. Дәл қазір қашан баратынымыз белгісіз», - дейді Марат Омаров.
Аталған іс-шара коронавирус тақырыбына арналады.
Бір қызығы, композитор қазір «Аман бол, халқым-ай» деп аталатын жаңа ән дайындап жатыр. Бұл ән де коронавируспен күресіп жатқан қазақстандықтарға арналады.
Басып шығару