Ақан Сатаев «Қазақфильм» АҚ президенті болып тағайындалды.
Ақан Сатаев - қазақстандық режиссер, сценарист және продюсер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кино және теледидар факультетін бітірген. Актер ретінде ол екі көркем фильмде ойнады.
2003 жылы ол «Sataifilm» компаниясын құрды. 2007 жылы көрермендерге Сатаевтың дебюттық «Рэкетир» атты қылмыстық драмасы ұсынылды. Екінші жұмысы «Ағайындылар» атты телехикая болды. Сонымен қатар, "Заблудившийся", "Районы", «Томирис», «Жаужүрек мың бала» сияқты фильмдердің режиссері.
Басып шығару