Mazir
15 апр 15:48korilim:2 096 Madeniet

Қытайға нота жіберуге негіз болған мақаланың толық нұсқасы


Қытайдың белгілі басылымдарының бірінде «Қазақстан Қытайға оралғысы келеді» деген мақала жарияланып, бұл мәселеге қатысты ҚР СІМ Қытайдың Қазақстандағы елшісін шақырып сөйлескені, нәтижесінде нота жіберілгені әмбеге аян. 

Сол мақаланың мазмұны кімге де болса қызық. Міне, осы мақаланы қазақшаға аударып, назарларыңызға ұсынып отырмыз. 

Қазақстан Қытайға оралғысы келеді

Қазақстан – қытайдың Шыңжаң аймағымен, Өзбекстан, Түркменстанмен, Иранмен шекараласатын Орта Азиядағы алпауыт мемлекет. Еуразияда 2 724 900 шаршы километр территорияны иемдене отырып, бұл елде теңізге шығатын жол жоқ. Қазақстан ешқашан Түрік империясының құрамында болмаған. Қазақ мәдениеті түркі, ислам және басқа мәдениеттерден құралады. Тарихта көршілері Қазақстан аумағына қанша мәрте кірсе де, олар бұған қарсы болмады. 

Қазақстан үш хандыққа бөлінген. Оның екеуі Цин сарайының бақылауында болды. Енді Қытайдың Қазақстанды қалау жаулап алғанын және қалай айырылып қалғанын айтып көрелік. Алтын Орда кезінде Өзбек хандығы деген мемлекет болды, бірақ қазақтар хандар таласы нәтижесінде бөлініп кетіп, жеке түтін түтете бастады. Кейін қазақтардың территориясы Алтын Ордадан бөлініп, көшпелі халық мемлекет құра бастады. 

XVI ғасырда үлкен мемлекет үш жүзге бөлінді. XVII ғасырда көшпенді Жоңғар хандығының Орта Азияда үстемдігі орнады.кейін ұлы жүз бен кіші жүз Ресейге мойын бұра бастады. Ал орта жүз Жоңғар хандығына бас иді. 1757 жылы Цин империясы Жоңғар хандығын мүлде жойып жіберді. Бұл уақыт оба індетінің таралуымен тұспа-тұс келеді. Сол кезде қазақтар Цин империясының жеріне орналаса бастады. 

Енді қазақстандық ғалымдар бұл оқиғаларды қалай «еске алатынын» көрейік. 

XVI ғасырдың басында түркі көшпенділері осы маңға орнығып, мемлекет құрды. Рас, көрші империядан аяқ тартты, бірақ, бақытына қарай, Қытай бұл уақытта әскердің барлығын ішкі соғысқа төгуге мәжбүр еді. Географиялық жағдай бойынша Қазақстан жерін Қытай тартып алмады. Ұлы Қытай империясының гүлдену кезеңінде Түрік империясы екіге бөлінде. Шығыстағы түркілер Тан испериясының әскерін ығыстырып, Жетісуға дейін жетеді. Кейін Тан испериясы құлап, өз жеріне билік жасаудан қалды. XIX ғасырда қытай әскері Тянь-Шаньға аяқ салғанда қазақ жері иелігімізге өтер еді. Бірақ бұл жолы моңғолдар қытай әскерінің тас-талқанын шығарды, шегінуге тура келді. 

Қазақстан қалай Қытайдан азат бола бастады?

XIX ғасырдағы Апиын соғысынан кейін Цин династиясы әлсіреп кетті. Ресей осы уақытты оңтайлы пайдаланды. Қазақстанды өздеріне қаратты. Уақытында территорияның дұрыс бөлінбеуінің себебінен Қытайдың жоғалтқан жері Қазақстан! Қазақстар еуропалықтарға ұқсаған. Бірақ олардың ішінде интеграция жасау үшін Шыңғыс хан Хань әулетін осы аймаққа жіберген. 

Бұл – әрине, жай ғана болжам. Қазақстан әлі күнге дейін Қытайдың Оңтүстік Азияда үстемдік құрып келе жатқанын мойындайды. Азия елдерінде қытай азаматтары мандат алып, саясат пен ел ісіне араласып жүр. Қазіргі уақытта Қытай Қазақстанға үлкен көмек көрсетуде. Салған инвестициясының өзі 23 миллиард доллардан асады. 

Қазақстанда кезінде қытай болған азаматтарды санап шықтық. Олардың жалпы саны 400 мың адамнан асады. Бұл қытайлар елдің әр аймағында белсенді жұмыс жасауда. Тіпті, Қазақстанның кішігірім бір қаласының тұрғындары өздерін Ли Байдың тұқымымыз деп есептейді. Кейбірі соғыс кезінде осында келіп, жергілікті тұрғындармен араласқанын, қазір Қытайға қайтқысы келетіндерін айтады.


Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15