Mazir
08 апр 02:21korilim:1 689 Madeniet

Бодандық пен Бостандық сынағы


Қазақтан сөз артылсын ба, сірә?! Қазақ әдебиетінде «әулие» деген бір деңгей бар. Қазір ақындар ішінде Светқали Нұржан, Есенғали Раушанов сынды дүрлерді осы биікте деп есептейді көпшілік. Әулиелікке көтерілген әдебиет майталмандарының бірі – марқұм Әбіш Кекілбаев. «Бодандық бүйірден қалай қысса, бостандық одан да қатты қысады» деген сөзі нысанасына дөп тиген. Сол іспетті коронавирус жағадан алып әлекке салса, доллар мен мұнай етектен тартып әуре. Құйтырқы образ, қияли сахна...

Экономика күрт құлдырады. Елбасы бастап, Президент қостап алдағы күрделі кезеңдердің анонсын жариялауда. Нашарлау күнді жақсы дейтін халықтың «жаманы» қалай боларын елестетсең, денең түршігеді. Қазақстан ОПЕК+ Келісімін қалпына келтіруге барынша тырысуда. Өйткені, әлемдік биржадағы мұнай бағасын көтерудің соңғы және жалғыз жолы – осы. Микроэкономикасы дамыға, орта және шағын бизнес тәуелсіз жолға қойылған Сауд Арабиясы сияқты мемлекеттер мұнай нарығында білгенін істеп бағуда. Ал мұнай 30 доллардың айналасында шатқаяқтап тұр. 30 доллар 1 литр сұйық отын болса шырт түкіріп отырар едік. «Әттеген ай» дегізетіні – 1 баррель мұнайдың бағасы бұл. Ал 1 баррель дегеніңіз тура 160 литр мұнай. 160 литр байлықты (шикізат күйінде болғаны үшін) 13-14 мың теңгеге сату қисынсыз. 

Тәуелсіздік жылдарынан бері Қазақстан мұнай шикізаты мен газ конденсатының 69,8 мың тоннасын шетелге сатқан. Түскен пайда – 37,8 миллиард доллар. 

Табиғи ресурстардың шикі күйінде шетел асып жатқаны көп. Қайбірін санап отырайық. Мысалы, Қазақстан өткен жылдың қаңтар-тамыз айының аралығында ғана 15,4 миллион тонна қара алтынды 295,7 миллион долларға шетел асырған. Астықты, уранды, мысты, жезді, алтынды, күмісті есептей беріңіз...

2016-ның шеңберінде Қазақстан 25,2 мың килограмм уран сатып, 1,5 миллиард теңге қаражат тапты. Қызығы, қазақтың уранына әлемнің алпауыт державалары – АҚШ, Қытай, Канада, Франция, Украина мұқтаж. Мың келілеп талауда. Асқар Жұмағалиевтің уран өндірісін 10 пайызға қысқартамыз деген сөзі ғана көңілге медеу...

Қазақстандағы тауар дефициті туралы аз сөз қозғалып жатқан жоқ. Ең басты канал – Қытай мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы. Қызыққа көз салыңыз, үстіміздегі жылдың ақпан айында Қазақстан Қытайға 565 миллион доллардың тауарын сатқан. Импорт көлемі – 238,6 миллион доллар. 

Біз не саттық? 145,6 миллион доллардың мысын, 130,8 миллион доллардың газын, 84,8 миллион доллардың мұнай шикізатын, 66,5 миллион доллардың металл рудаларын, 64,1 миллион доллардың ферроқорытпаларын, 16 миллион доллардың астығын саттық. 

Біз не сатып алдық? 55,6 миллион доллардың электр құрылғылары мен аппаратураларды (оның ішінде 30,5 миллион доллардың ұялы телефондарын), 33,6 миллион доллардың механикалық құрылғыларын, 25,3 миллион доллардың қара металл өнімдерін, 19,7 миллион доллардың мата өнімдерін (текстиль, киім, аяқ киім), 18,7 миллион доллардың пластмасса өнімдерін, 15,9 миллион доллардың компьютер және ноутбуктарын, 11 миллион доллардың тұрмыстық заттарын, 5,5 миллион доллардың керамика өнімдерін сатып алдық. 

Бір баррель мұнай – шамамен 159 литр мұнай. Шикізат күйінде. Өндіріс барысында көлемі тағы 9 литрге ұлғайып, жалпы 168 литр мұнай шикізаты шығады. Осы бір баррель мұнайда төмендегідей дүниелер шығады: 

- 85 литр бензин; 

- 25 литр дизель; 

- 20,7 литр ұшақ жанармайы; 

- 9 литр мұнай зауытының газы; 

- 8 литр кокс; 

- 5,6 литр мазут; 

- 4,5 литр сұйық газ; 

- 1,5 кг көмір; 

- 12 пропан баллоны; 

- 170 дана торт майшамы; 

- 1 литр мотор майы.

Айта кету керек, химиялық мұнай қалдықтарын фармацевтикада, косметика, тағам, пластмасса өндіру мақсатында кең ауқымда қолданады. 

1 баррель мұнай бағасы (қазір) – 34 доллар. Ал бір баррель мұнайдан шығатын бір ғана тауар – 85 литр бензин бағасы – 13 345 теңге (АИ-92, литрі 157 теңге). 

Біз сонда бір баррель мұнайды тек 80-90 литр бензинге айырбастап отырмыз. Қалған өнімдердің бәрі далаға кетеді. Қызығы біздің Қытайдан алатын тауарларымыздың барлығы өзіміз сатқан мұнай, газ, мыс, астық өнімдері. Олар шикізатты мол етіп алады. Орта есеппен жарты шикізат тауарын қайта өзімізге сатады, пайдасы көрші үшін шаш етектен. 

НЕГЕ?

Қазақстан мына өнімдерді сырттан сатып алады: тұздалмаған балықтың 73 пайызын, ірімшік пен сүзбенің 49 пайызын, шұжықтың 38 пайызын, маргариннің 68 пайызын, тауық етінің 45 пайызын, жүзімнің 51 пайызын. Сонымен қатар, консервіленген тауарлар мен кептірілген дүниелердің 85 пайызын шетелден аламыз. Бұл – Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божконың мәліметтері. 

Божко жолдастың сөзіне сенсек, Қазақстан шетелден сиыр етін сатып алу үшін жылына 81 миллион доллар, макарон үшін 32 миллион доллар, қызанақ үшін 39 миллион доллар, пияз үшін 21 миллион доллар жұмсайды екен. Та-ма-ша!

Бір ғана сұрақ: біз делдал болудан, шикізат сатудан, мол дүниені арзанға беруден қашан арыламыз? Бостандық сынағы деген осы шығар... "қой көрмеген қуалап өлтіреді" деген мәтел еріксіз тілге оралады екен. 

Жіті назар салсаңыз, Алдар Көсенің байға 2 теңге, бір лақ, бір қозы, бір ешкі беріп, ту қойды иыққа салып бара жатқаны елестейді. Қызық, ә?!

Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15