ЕТ ЖҮРЕКСІЗ ЕРНІҢНІҢ АЙТПА СӨЗІН!
Абай бізге солай бұйырады.
"Нәпсінің мінезі" ол "қу мінез".
Қазір біздің қоғамды - жүйені жайлаған дерт осы мінезден. Тойымсыздықтан. "Ет жүректің" емес, "еріннің сөзін айтқаннан". Шымылдық тартып, шындықты жасырғаннан, өтірік сөйлегеннен.
Абай сөзі - оның үш шумақтан тұратын осынау өлеңі Ел басшысынан тартып, Еліміздің басқару жүйесіндегі барлық азамат жаттап, жадында ұстайтын бойтұмар боларлық, дүға боларлық дүние.
Күллі қазақ ақындарының мәңгілік үлгісі, Ұлттың ұстазы Абайдың туғанына 175 жыл толуына арналған өлеңін оқу эстафетасын Алтайдағы ақын інім Аслан Ғапуров пен Атыраудағы журналшы шәкіртім Қанат Әуесбайға жолдаймын.
ЕТ ЖҮРЕКСІЗ ЕРНІҢНІҢ АЙТПА СӨЗІН !

ЕТ ЖҮРЕКСІЗ ЕРНІҢНІҢ АТПА СӨЗІН !
Опубликовано Almas Ahmetbekuly Понедельник, 15 июля 2019 г.
Сұм дүние тонап жатыр, ісің бар ма?
Баяғы күш, баяғы түсің бар ма?
Алды үміт, арты өкініш алдамшы өмір.
Желікпен жерге тықпас кісің бар ма?!
Дәмі қайтпас, бұзылмас тәтті бар ма?
Бір бес күннің орны жоқ аптығарға.
Қай қызығы татиды қу өмірдің.
Татуды араз, жақынды жат қыларға?
Ет жүрексіз ерніңнің айтпа сөзін,
Тіл үйренген нәпсінің қу мінезін.
Тілде сүйек, ерінде жиек бар ма?
Шымылдық боп көрсетпес шынның жүзін.
Ақын Алмас Аxметбекұлы ФБ парақшасында Абайдың 175 жылдығына арналған өлең оқу эстафетасын қабылдап, оқыған өлеңіне талдау жасапты.
Сіздерге көшіріп ұсындық.
Басып шығару