ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 14 адамның анықталғанын айтты.
«Нұр-Сұлтан қаласында 14 адамның коронавирус жұқтырғанын мәлімдейміз. Науқастан аурхунаға жатқызылды, диагноз анықталды. Ол адамдармен байланысқа түскендердің барлығы карантинге жіберіледі», - деді министр.
Бүгінгі ақпарат бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 27 адамға жеткен.
Коронавирус жұқтырған тағы бір қазақстандық Германияда ем алып жатыр.
Таңертең Алматыда тағы бір науқастың анықталғаны хабарланған.
Басып шығару