Германияда коронавирус салдарынан бірқатар мектеп пен балабақшалар жабылды. Бірнеше фирмалар өз жұмыстарын уақытша тоқтата тұруға мәжбүр.
Осыған қарамастан алдағы 6 апта ішінде карантин жарияланған мекмелердің қызметкерлері толық жалақы алады. Бұл – жұмыс беруші үшін заңмен бекітілген талап.
Германияның Қаржы министрі Петер Альтмайер кәсіпкерлер көмесіз қалмайтынын айтты. Егер фирма коронавирус салдарынан құлдырап кетсе, онда нысан иесі мемлекеттен өтемақы сұрай алады.
Қазір Германияда коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар саны 300-ге таяу.
Ал дәл қазір Қазақстанда коронавирус күдігімен 315 адамға карантин жарияланды.
Басып шығару