Mazir
23 дек 13:12korilim:223 Қоғам

Талдықорғанда журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімі берілді

Бүгін Талдықорғанда белгілі журналист, халқының аяулы перзенті Бейсен Құранбектің есімі журналистер үйіне берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2014 жылы пайдалануға берілген ғимараттың маңдайшасына «Бейсен Құранбек атындағы журналистер үйі» деп жазылды.


Шараға Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан, телевизия ардагері Қайнар Олжай арнайы келіп қатысты.

Олар тарихи күнде Бейсен Құранбектің қазақ телевизиясына қосқан үлкен үлесін тілге тиек етіп, жылы естеліктер айтты.

«Айтуға оңай» бағдарламасымен халқының жүрегінен орын алып, сүйікті тележүргізушісі, халқының жанашыры болған Бейсен Құранбек осы есімі берілген журналистер үйінің салынуына тікелей атсалысқан азамат.


Бұл ғимаратта «Жетісу телеарнасының», облыстық «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінің ұжымдары, сондай-ақ республикалық телеарналардың өңірдегі тілшілері отырады.

Қазақ телевизиясының дамуына үлкен үлес қосқан Бейсен Құранбек өзі жүргізген «Айтуға оңай», «Қарекет» бағдарламаларында халықтың әлеуметтік мәселелерін талқылады.

Журналист жүргізген бағдарламалары арқылы қиындыққа тап болған қанша адамға демеу бола білді. Жүздеген адамның түйткілін шешуге жәрдемдесті.

Кең пейілді жүрегімен, әр хабарына бар ынта-жігерімен, шынайы сүйіспеншілігімен қарағанының нәтижесінде халқының сүйікті журналисіне, ал «Айтуға оңай» бағдарламасы көрерменнің сүйіп көретін бағдарламасына айналды.

Бейсен Құранбек 1971 жылдың 9 желтоқсанында Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қызылжар ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын республикалық «Спорт» газетінде тілші, жауапты хатшы қызметінен бастаған.

Ал қалған ғұмырын қазақ телевидениесімен байланыстырып, «Рахат», «31 арна», «Хабар» арналарында, Президент телерадиокешенінде қызмет атқарған.

2007-2012 жылдары Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры болды.

2013-17 жылдары «Қазақстан» телеарнасындағы жалпақ жұртқа танымал «Айтуға оңай» әлеуметтік-тұрмыстық ток-шоуының жүргізушісі болды.2017 жылдың қыркүйек айынан бері ұлттық арнадағы «Қарекет» бағдарламасын жүргізді.

2014 жылдың қазан айында Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры болып қайта тағайындалды.

Қазақстан президенті сыйлығын 2006 жылы алған және «Қазақстан мәдениет қайраткері» атағымен марапатталған.

Бейсен Құранбек 2020 жылы 18 мамырда таңертең Талдықорған қаласында ауыр науқастан қайтыс болды.

Бейсен Құранбектің жарқын бейнесі әріптестерінің жүрегінде мәңгі сақталады.


Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
Мейірімділік айында халқымыз игі істерін еселеп, сауапқа кенеле берсін - Президент19:05Қазақстанның екі облысында су тасқыны қаупі ескертілді12:28Сайлау: Шетелде жүрген қазақстандықтардың 72,54% дауыс берді12:09Шығыс Қазақстан облысында өртенген үйден үш адамның денесі табылды14:27Сенат спикері ұлттық қор қаражатына қатысты алаңдаушылық білдірді14:24Министр спортшы Шавкат Рахмновпен кездесті22:18Батыс Қазақстан мен Ақтөбеде су басқан ауылдардан 240 адам эвакуацияланды – Юрий Ильин15:20Көрісу күні13:11Серік Күдебаев ауруханаға түсті13:12Қоғамдық орында айтылған балағат сөз үшін салынатын айыппұл көлемі өсті12:28Әскери институттың курсанты өлі күйінде табылды11:12Банкроттыққа өтінім қабылдау басталады10:47Қазақстанда жемқор шенеуніктерден тәркіленген қанша ақша мектеп салуға жұмсалады?12:34Алматы - Орталық Азиядағы сейсмикалық қауіпті аймақтардың бірі09:29Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенді қабылдады15:14Көктемде 255 елді мекенді су басу қаупі бар14:02АҚШ Мемлекеттік хатшысы твиттерде Қазақстандағы сапарынан суреттер жариялады13:38Мәжіліс сайлауы: Дауыс беру бюллетенінің көлемі өзгереді11:50Серік Сәпиев балуанмен болған төбелеске қатысты пікір білдірді10:31Тәжікстанда болған 7 балдық жер сілкінісі Алматы мен Шымкентте сезілді12:05Тыңайтқыштың жеткілікті себілмеуінен 10 млн тонна бидайдан айрылдық11:56Олимпиада жүлдегері Игорь Сон допинг қолданғаны үшін 8 жылға спорттан шеттетілді10:33Шымкенттегі атыста жараланған күзетші саусағынан айырылды15:40Нар тәуекел! Бірге жазыла ма, бөлек пе?11:23Түркияда тағы да жер сілкінді10:59Елімізде 3,3 мыңға жуық мектепте лицензияланған күзет қызметі жоқ13:22ҚТЖ басшылығы бизнеске кедергі жасап, 1,5 млрд теңге залал келтірген11:06«ҚАЗАҚФИЛЬМ» ЖАЙЛЫ ҚАЛЫПТАСҚАН ҚАСАҢ ОЙЛАРДАН АРЫЛУЫМЫЗ КЕРЕК10:53Сәрсен Құранбек Мәдениет және спорт вице-министрі болды10:49Қазақстан Түркияға гуманитарлық көмек жөнелтті11:13