20-ақпан күні түнде украиналық ұшақ Қытайдың Ухань қаласынан шетелдік азаматтарды алып шығу үшін арнайы рейс ұйымдастырды.
Қытайдан аталған рейспен екі қазақстандық бері өтуі тиіс еді. Нәтижесінде, жалғыз ғана қазақстандық эвакуацияланды. Екіншісін 37,4 көрсеткішіндегі дене қызуы үшін Қытайдан шығармады.
«Бұл кез келген азаматтар үшін жасалатын сақтық шарасы екенін ескертеміз. Қытайдың жағдайында мұндай шаралар – қалыпты жағдай», - деді жауаптылар.
Екіншісі қандасымыз – Ухань қаласындағы жоғары оқу орындарының бірінде білім алып жатқан қыз. Ол Алматыға аман-есен оралып, көпсалалық клиникалық ауруханаға орналастырылды.
Басып шығару